Бас прокуратура Қостанайдағы өртке байланысты 3 қылмыстық іс қозғады

4 Қыркүйек 2022, 14:06 1037
Қостанай облысының Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында табиғи өртті сөндіру жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша 108-ге жуық тұрғын үй мен ғимараттар зардап шекті, деп хабарлайды El.kz.

Келтірілген залал мөлшері анықталу үстінде.

– Бүгінде Аманқарағай ауылының тұрғыны - 1936 жылы туған М.И. Бабенконың қаза тапқаны белгілі. Сонымен қатар 3 қыркүйекте Қостанай қаласында «Оружейная палата» аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды,  ал төртеуі қаза тапты, – деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.


Бөлісу: