Бас прокуратура: Банк қызметкерлерін кепілге алған күдікті наркодиспансерде есепте тұр

19 Маусым 2023, 00:11 698

Банк қызметкерлерін кепілге алу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 14:00 шамасында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (1993 жылы туған) Достық көшесінде орналасқан Kaspi bank бөлімшесін басып алған. Ол 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана қаласының әкімі, Бас прокурордың бірінші орынбасары және басқа да мүдделі қызметтер барды. Жақын маңайда орналасқан барлық үйлерден тұрғындар дереу шығарылды, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Күдікті тергеу изоляторына қамалғаны белгілі болды. Операция барысында кепілге алынған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді ведомство.

Берік Арманов
Бөлісу: