03.10.2025
16:02
4150
Бас прокуратура академиясына жаңа ректор тағайындалды

Бас прокуратура академиясына жаңа ректор тағайындалды

Бас прокурор Берік Асылов өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Құқық қорғау органдары академиясына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Асыловтың сөзінше, ұжымға 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров таныстырылды.

Ол – өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор, – деп жазды Бас прокурор.

Сонымен қатар ол академия алдына бірқатар маңызды міндеттер қойғанын атап өтті:

– «білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту»;
– «жасанды интеллектті тиімді қолданып, киберқылмыспен және басқа да заманауи қатерлермен күресуге қабілетті сертификатталған прокурорлар мен өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау»;
– «ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту»;
– «Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделге ие болуын қамтамасыз ету»;
– «курсанттардың жеке қасиеттерін – тәртіптілікті, қызмет пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеуге назар аудару»;
– «шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту».

Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін, – деп түйіндеді Берік Асылов.