Бас мүфти Рим папасы Францискпен кездесті

14 Қыркүйек 2022, 17:19 1021

Кездесуде өзара сенім мен сый-құрмет, конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогтың ынтымақтастыққа дем беретіні айтылды

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим папасы Францискпен кездесті, деп хабарлайды El.kz басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде өзара сенім мен сый-құрмет, конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогтың ынтымақтастыққа дем беретіні айтылды. Сондай-ақ елордада өтіп жатқан съездің дінаралық достықты нығайтудағы рөлі сөз болды.

Рим папасы Франциск бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамалардың, соның ішінде Қазақстанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің әлемді бірлікке шақырудағы орны жоғары екенін атап өтті.

Бөлісу: