«Барыстың» алдағы маусымға дайындық жоспары жарияланды

16 Маусым 2023, 17:01 701

«Барыстың» алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды. Команда демалыстан 16 шілдеде шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі күн бойы ойыншылар медициналық тексерістен өтеді. 19 шілде күні тестілер тапсыру жоспарланған, одан кейін Астанада оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі басталады (20 шілде – 8 тамыз).

10-14 тамыз аралығында «Барыс» Қазанда өтетін «TANECO Кубогына» қатысады.

20-25 тамыз күндері команда Омбыдағы турнирде бақ сынайды.

Биыл қатысушылар саны аз болғандықтан, маусым алдында дәстүрлі түрде өтетін «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» турнирі өтпейді.

28-31 тамыз аралығында елордада оқу-жаттығу жиындарының соңғы кезеңі болады.

ҚХЛ жаңа маусымы 1 қыркүйекте басталады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: