«Барыс» сырт айдында жеңіп тұрып жеңіліп қалды

8 Қазан, 07:42 640

Астананың «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-да сырт айдында Екатеринбургтің «Автомобилист» клубымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ойында Шығыс конференциясында екінші орында тұрған айдын иелері фаворит болған.

Вячеслав Буцаев матчқа мына ойыншыларды шығарды: Бояркин (Маттссон) — Болье-Бутчер, Бочаров-Маклауд-Сетдиков; Хохлов-Данияр, Жафяров-Апальков-Бурдасов; Гайтамиров-Бекетаев, Панюков-Кодола-Әсетов; Қайыржан-Оразов, Мухаметов-Өмірбеков-Симонов. 

Бірінші кезеңде қонақтар сапынан Максим Мухаметов пен Майкл Маклауд көзге түссе, көп ұзамай айдын иелері есеп айырмасын қысқартты. Екінші кезеңде ештеңе өзгерген жоқ. Сонан астаналықтардан Никита Бочаров мергендік танытып еді, алайда «Автомобилист» есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды — 4:3.

10 қазан күні «Барыс» өз айдынында Омбының «Авангардын» қабылдайды.

«Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:3 (1:2, 0:0, 3:1)

Шайбалар:
0:1 — 08:44 Мухаметов.
0:2 — 10:23 Маклауд (Сетдиков).
1:2 — 14:40 Эберт (Голышев, Мэйсек).
1:3 — 46:33 Бочаров (Маклауд).
2:3 — 46:59 Кизимов (Кузнецов, Трямкин).
3:3 — 52:38 Голышев (Эберт, Да Коста). В
4:3 — 54:28 Лайпсик (Бывальцев, Да Коста).

Перизат Саденова
Бөлісу: