16.11.2023
09:50
1170
«Барыс» сырт айдында «Трактормен» ойнайды

«Барыс» сырт айдында «Трактормен» ойнайды

Елорданың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейдің «Трактор» (Челябі) клубына қонаққа барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу бүгін, 16 қарашада күні, сағат 20:00-де басталады.

Екі клуб өзара 53 рет кездесіп, соның 30-ында астаналықтар жеңіске жетсе, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 31 ойыннан кейін 25 ұпаймен 20-орында тұр.

Aл «Трактор» 30 ойыннан кейін 35 ұпаймен 11-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.