"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасын сәтсіз бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елоорда клубы уфалық "Салават Юлаев" клубына жол берді.
Астанада өткен кездесу 2:3 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапынан Александр Хмелевский (13-минут), Владислав Ефремов (25-ші) және Александр А. Шаров (46-ші) мергендік танытты.
Астаналықтардан Тамирлан Гайтамиров (51-минут) пен Понтус Оберг (56-ші) көзге түсті.
Ойын соңында айдын иелерінде таразы басын теңестіруге тамаша мүмкіндік болып еді, бірақ "Салават Юлаев" қорғаныста сауатты қимылдады