«Барыс» өз айдынында оңбай ұтылды

1 Қазан, 06:22 566

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Нижний Новгородтың «Торпедосымен» кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда төрінде өткен ойында айдын иелері қақпасына 10 бірдей гол жіберіп алды – 10:1.

«Барыс» бірінші кезеңде қонақтардың екі шайбасына бір дәл соққымен жауап қатты. Оныншы минутта Дмитрий Кагарлицкий есеп ашса, 13-минутта Никита Артамонов есепті еселеді. «Барыс» сапынан 15-минутта Антон Бурдасов гол соқты.

Екінші кезеңде қонақтар бес шайбаны қақпамызда тулатты. Мергендігімен көзге түскендер сапында Михаил Орлов (29 минут), Михаил Абрамов (33), Бобби Линч (34), Никита Шавин (35) мен Денис Почивалов (40) бар.

Шешуші кезеңде Сергей Гончарук (48), Владислав Фирстов (54) пен Евгений Свечников (55) үш гол салды.

«Барыс» енді 3 қазанда сырт айдында «Спартакпен» өзара кім мықтыны анықтайды.

Зарина Арман
Бөлісу: