«Барыс» орденін алған Нұрлан Өнербаев зейнетке шығатынын айтты

27 Қазан, 02:38 995

Нұрлан Өнербаев Президент қолынан алған І дәрежелі "Барыс" орденін алған соң қандай әсерде болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатты толқу үстінде болдым деп айта алмаймын. Бір жағынан күтпеген жағдай. Шын айтса, дәл осындай марапат болады деп күткен жоқпын. Ұйғарған екен, лайықты деп тапқан екен. Он күннен кейін жасым 63-ке толып, зейнетке шығамын. Өнердің табалдырығн аттағаныма 46 жыл болады екен. 46 жыл артта қалғанда өнеріме, шығармашылығыма шабыт беретін осындай үстеме жасайды деп күткен жоқпын. Марапат болатынын хабарлады. Бірақ нақты қандай болатынын айтпады, - деді әнші "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Өнербаев мұндай жетістікке композиторлар мен тыңдармандардың арқасында жеткенін айтып, оларға алғысын білдірді.

Өнер табалдырығын 1978 жылы аттадым. Содан бері ел алдына шығып, орындап жүрген әндерім тыңдармандардың жүрегіне жетіп, көңілінің төрінен орын алған әндер деп айтсам қателеспейтін шығармын. Мен кеше осы марапатты алып тұрып, өзімнің ішкі ойым бірінші кезекте менің авторларым мен композиторларымда болды. Осы жылдарда елге сүйкімімді арттырған, мені танымал еткен, көрерменнің көңіліне көтерген ең тамаша, қанатты, сұлу әндерді ұсынған екен маған. Кеше өмірден өтіп кеткен композиторлар, бүгінде ортамызда жүргендер де бар. Бірінші кезекте соларға алғысымды айтамын. Екіншіден, менің тыңдармандарымның арқасы. Осы марапттар да, ел алдында осылай еркелеп жүруіміз де солардың ыстық ықыласы, қошеметі, махаббаты, - деді Өнербаев. 

Зарина Арман
Бөлісу: