«Барыс» клубы сырт айдында жеңіске жетті

17 Қараша, 23:08 628

Құрлықтық хоккей лигасының аясында Астананың «Барыс» клубы «Сочиге» қонаққа барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар бұл матчта айдын иелерін фаворит санаған. Алайда астаналықтар ойын басталысымен-ақ шабуылды үдетіп, матч қорытындысы бойынша кішігірім сенсация жасады.

Ғалым Мәмбеталиев мына құрамға иек артты: Шутов (Маттссон); Бекетаев-Хохлов, Сетдиков-Николишин-Бурдасов; Камалов-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Панюков; Королев-Оразов, Савицкий-Мухаметов-Муратов; Гайтамиров-Бутенко, Бочаров-Бойко-Оспанов.

Бірінші кезеңде қазақстандықтар 26 секунд ішінде екі бірдей шайба соқты. Әлихан Өмірбеков пен Кирилл Савицкий мергендік танытса, ресейліктер есеп айырмасын қысқартып үлгерді. Екінші кезеңде Никита Сетдиков «Сочи» қақпасына үшінші голды кіргізіп еді, айдын иелері тағы бір голмен жауап қатты. Артынша Хафизов таразы басын теңестірді. Дегенмен бүгін елордалық ұжымды тоқтату мүмкін болмады. Кирилл Панюков командасын алға шығарса, үшінші кезеңде астаналықтар қарсылас қақпасына тағы екі гол соқты. Бұл жолы Бурдасов пен Савицкий мергендігімен көзге түсті – 6:3.

«Сочи» (Сочи, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 3:6 (1:2, 2:2, 0:2):

0:1 – 14:46 Өмірбеков (Әсетов)

0:2 – 15:12 Савицкий (Муратов)

1:2 – 16:43 Мокрушев (Сероух, Чебыкин)

1:3 – 24:38 Сетдиков (Панюков, Бурдасов)

2:3 – 29:12 Авершин (Федотов)

3:3 – 32:00 Хафизов (Федотов, Мокрушев)

3:4 – 36:11 Панюков (Өмірбеков, Бекетаев)

3:5 – 50:24 Бурдасов (Сетдиков, Бутенко)

3:6 – 51:41 Савицкий (Муратов)

Қақпашылар: Волохин – Шутов

Перизат Саденова
Бөлісу: