«Барыс» чехиялық шабуылшыға 100 млн теңгеден астам жалақы төлейді

22 Қыркүйек 2023, 17:49 711

«Барыс» чехиялық шабуылшы Рудольф Червенымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, келісімшарт маусымның соңына дейін жасалған. Ал ресейлік «Спорт Экспресс» басылымының мәліметінше, хоккейшінің елорда клубындағы жалақысы жылына 23 миллон рубльді құрайды, яғни 110 миллион теңгеден астам.  

Өткен маусымда 34 жастағы хоккейші «Адмирал» сапында өнер көрсетті. Ол ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы 60 матчта 20 (13+7) ұпай еншіледі. Плей-оффта Червены 12 ойын өткізіп, үш нәтижелі пас берді.

Бірер күн бұрын «Барыс» өз айдынында «Нефтехимикті» 8:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

1:0 – 00:13 ЛаБейт (Скленичка, Шалапов). Тең

2:0 – 03:48 Ножье (Бекетаев, Шайхмедденов). Тең

3:0 – 37:36 Барбер (ЛаБейт, Данияр). Тең

4:0 – 43:19 Оберг (Скленичка, Барбер). Тең

5:0 – 46:01 ЛаБейт (Скленичка, Шестаков). Сан басымдығы

6:0 – 54:16 Оберг (Скленичка, Барбер). Сан басымдығы

7:0 – 56:20 Логвин. Тең

8:0 – 57:12 Қайыржан. Тең

Осыдан соң Мәскеуде «Спартакқа» есе жіберді – 3:6.

23 қыркүйекте Астана клубы Новосібірдің «Сібір» клубымен өзара кім мықтыны анықтайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: