"Барыс Аренада" бір мезетте 12 мың көрермен "Анашым" әнін шырқады

21 Қыркүйек, 23:34 521

Астанадағы «Барыс Аренада» You Fest жастар фестивалі өтті. Шарада 12 мың көрермен қазақтың әйгілі «Анашым» әнін бірге орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдіктің мәліметінше, Марат Омаровтың танымал «Анашым» әні аналарға арналды және бүкіл зал бірігіп, бір мезетте орындап, ерекше әсер берді.

Айта кетейік, You Fest фестивалі - бұл жай ғана музыкалық іс-шара емес, еліміздегі жастар мен мәдениеттің дамуына ықпал ететін ерекше қозғалыс.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

Перизат Саденова
Бөлісу: