«Барыс» американдық легионерлермен келісімшартты бұзды

18 Қазан, 09:56 628

«Барыс» хоккей клубы жаңа басшылықтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында бірқатар шетелдік ойыншымен келісімшарт бұзылғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейсенбі күні елорда командасы бас директор лауазымына Нұрлан Оразбаевтың қайта оралғанын мәлімдеген. Оразбаев келе сала баспасөз конференциясын өткізіп, «Барыс» енді солтүстікамерикалық хоккейшілерге мұқтаж еместігін алға тартты.

Ойыншылар бойынша: біз бүгін Даниил Апальков және Владислав Кодоламен келісімшартты үздік. Сонымен қатар солтүстікамерикалық легионерлермен келісімшарт бұзылғаны туралы туралы олардың агенттеріне хабарлама жібердік. Қатарда тек Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Басқа ойыншылардың барлығы – ұлттық құрамаға үміткерлер, өз шәкірттеріміз, - деді Оразбаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: