«Бармақ басты, көз қысты». Әкімдік Каспий жағалауындағы жер телімдерін қайтара алмай отыр

7 Сәуір 2023, 15:50 1041

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті теңіз жағалауында орналасқан 21 жер телімін қайтару үшін сотқа арыз берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллиннің айтуынша, туризмді дамытуға арналған 21 жер телімінің негізсіз берілгені анықталған.

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті жалпы көлемі 43 гектар жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы сотқа талап арызбен жүгінді.

Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің жер телімдерін беру бойынша негізсіз қабылдаған шешімдері өңірдегі кәсіпкерлік пен туризмнің дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бізге өңірдің экономикалық және әлеуметтік ахуалын арттырып, орта және шағын бизнесті дамытуға тең жағдай жасау қажет. Жерді беруде шектен шығуға жол бермеу керек, – дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.                               

EL.KZ
Бөлісу: