Танымал әзілкеш және шоу-бизнес өкілі Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі қызу талқыланып жатқан тұста, оның қызы Айым алғаш рет әкесіне қатысты ашық пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айым TikTok желісінде әкесімен түскен суретін жариялап, оған қолдау білдірді:
Қандай жағдай болса да, әкемді қатты жақсы көремін. Барлығы қателеседі. Ол – қай кезде де қолдау көрсететін, өте мейірімді әке. Сені жақсы көремін, әкетай. Сенің мейіріміңді ешқашан ұмытпаймын, – деп жазды ол.
Жасөспірім әлеуметтік желі қолданушыларын бұл дауға нүкте қоюға шақырды:
Әкем туралы жаман әңгіме айтып, түрлі видео таратуды тоқтатыңыздаршы. Бұл өмірде мінсіз адам жоқ, – деді Айым.
Пайдаланушылардың арасында оны қолдағандар да, аяушылық танытқандар да бар.
Желі қолданушылары:
«Мөлдір балаларына жақсы тәрбие берген»,
«Сіздерге жаным ашиды»,
«Айым, сен мықтысың»,
«Бұл отбасыны талқылауды доғарайықшы – мұны балалар да оқиды ғой»,
«Ата-ананың қарым-қатынасы балаларға әсер етпеуі кере», – деген пікірлер жиі кездеседі.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанова 2003 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптылардың үш қызы мен екі ұлы бар: Айару, Айым, Әдемі, Нұриман және Райымбек.
Еске сала кетсек, Мөлдір Мұқанованың ашық сұхбаты жарияланған соң Қабатовтар отбасы көпшіліктің талқылауына түсті. Ол сұхбатта әнші некедегі қиындықтар мен ажырасу себептері туралы айтқан еді. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас өрбіп, көпшілік екіге бөлінді: бір бөлігі Мөлдірді қолдаса, енді бірі Тұрсынбекті қатаң сынамауға шақырды.