Барлық отбасының игілігі

18 Мамыр 2018, 03:40 2001

Достық үйінде «Аналар кеңесі қызметінің арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу және нығайту, отбасылық дәстүрлерді жергілікті қоғамдастықты жандандыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шара  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Отбасын қолдаудың ресурстық орталығы» әлеуметтік маңызды жобасы аясында өткізілді.Оның басты мақсаты - отбасылық қарым-қатынастарды үйлестіруде, сондай-ақ облыстық Аналар кеңесі мүшелеріне және басқа да ата-аналар кеңестеріне консультативтік-әдістемелік көмек көрсету арқылы халыққа тегін психологиялық көмек көрсету арқылы отбасы институтын нығайту.

Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Саркисян Шушаник өз сөзінде, қазіргі қоғамның жағдайында отбасын сақтау және нығайту мәселесін шұғыл шешуді талап ететін маңызды міндет екенін атап өтті.

-Уақыт деген бір орында тұра бермейді және  Аналар кеңесінің өкілдері де өздерінің білім деңгейін үнемі жетілдіріп,  жаңа жұмыс түрлерімен танысады. Біздің семинар барлық деңгейлердегі Аналар кеңестерін одан әрі дамытуға серпін беріп, әрқайсымыз үшін бұл тапсырманың қаншалықты маңызды екенін еске салуға арналған », - деп өз сөзінде Саркисян атап өтті.

Сондай-ақ семинарда,  психолог -Игорь Зуев, Қостанай облысының жасөспірімдер сотының сарапшысы, Қостанай облысы Ішкі істер министрлігінің ХТЖ зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың аға инспекторы Гаухар Хайруллина да сөз сөйледі.

Семинар аясында практикалық тренингтер, дәрістер өткізілді,  сондай-ақ  2018 жылдың екінші тоқсанына ҚХОА Аналар кеңесі қызметінің жоспарлары талқыланды.

Бөлісу: