«Бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес». Астана әкімі жұмыс уақытын ауыстыруға қатысты

7 Қараша, 19:36 387

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесу кезінде көптеген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соның ішінде қала басшысынан жұмыс және сабақтың басталу уақытын бір сағатқа алға жылжыту туралы сауалға қатысты пікір білдірді. Тұрғындардың бірі сағат 17:00-ге қарай қараңғы түсіп кететіндіктен, оқушыларға қиын соғып жатқанын алға тартты. Қасымбек мұның бәрі көпшілікпен бірге талқылануы керектігін алға тартты.

Мұның бәрін тұрғындармен талқылау керек. Бұл сіздің ұсынысыңыз. Біреуге ол ұнамауы мүмкін, мен оған сенімдімін. Сондықтан бәрінің көңілінен шығатын шешім қабылдау мүмкін емес. Біреуге былай, біреу былай ыңғайлы. Қалада көп адам тұрады ғой, - деді әкім.

Перизат Саденова
Бөлісу: