"Бәрі де өткен іс": Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі көңіл айтты

13 Қараша 2023, 13:46 1861

Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан әлеуметтік желіде осы жағдайға байланысты көңілі құлазып отырғанын жеткізіп, марқұмның туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын, - деп жазды ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: