«Бәрі данышпан». Айдана Меденова ақыл айтамын деп сынға қалды

22 Желтоқсан 2023, 16:26 2593

Өнер саласынан бір жолата кетіп, дін жолына түскен Айдана Меденова өміріне көңілі толмайтын жандардың көп екенін айтып жазба қалдырды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агентігі.

Ол біреудің өмірі жеңіл, менікі ауыр деп бекер ойларға берілудің керегі жоқ деген пікірде.

Шіркін, мен оның орнында болсам”. Кейбір адамдар "бәрінің жағдайы жақсы, менде ғана бәрі жаман" деп ойлайды. "Біреудің орнында мен болсам, олай қиналмас едім" дейді. Әр адам іштей "менің ғана жолым болмайды, проблемам шаш етектен" деп, өз өмірін үнемі біреумен салыстырады. Шын мәнінде, адам болғаннан кейін проблема да, сәтсіздік те бәрімізге тән. Құдайға сенсін-сенбесін, жақсы немесе жаман болсын – сынақ бәріне беріледі. Сол себепті біреудің өмірі жеңіл, менікі ауыр деп бекер ойларға берілудің керегі жоқ па деймін.Әр адам басына келген сынақты әртүрлі қабылдайды, - дейді әнші.

Бірі басына түскен істі көтере алмай, одан ары тұңғиыққа батады, іштей желінеді дей келе:

Кез келген мәселеге жеңіл, басын қатты қатырмай қарайтындар бар. Тіпті керек десеңіз, басына түскен істі өзіне берілген мүмкіндікке айналдыра алатындар бар. Қиындықтар арқылы жақсы жаққа өзгергендерді де білем. Біз Аллаға барынша жақындаған кезде қиындықтарға проблема ретінде қарамаймыз. "Менде бәрі идеально" дейтін адамдардың өмірі мінсіз емес. Олардың өзі кезінде сынақтармен бетпе-бет келгені анық. Сол сынақтардан сынбай өткендерді мықты адам деп айтуға болар. Өмір деген теп-тегіс, түп-түзу емес, болмайды да. Сондықтан әр адам нақты өз позициясын таңдап, Құдіреті күшті Алламен қарым-қатынасын ретке келтіру керек. Әрдайым бәріне дайын болуы үшін ілім, білім іздегені абзал”. – деп ақыл айтады өнер иесі. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі "ақыл айтпай-ақ қой", "Періште болып ақыл айтудың шебері" десе, кейбірі пікірдің өте орынды екенін айтып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: