Барак Обаманың әйелі Мишель Обама АҚШ президентіне үміткер болуы мүмкін

6 Мамыр, 14:06 507

АҚШ-та бұрынғы бірінші ханым Мишель Обама Джо Байденнің орнына президенттікке үміткер болуы туралы пікір қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Джо Байден Мишель Обаманың пайдасына АҚШ президенттік сайлауына қатысудан бас тартуы мүмкін. АҚШ Демократиялық партиясының кейбір мүшелері 2024 жылдың тамызында Чикагода өтетін партия съезінде президент Джо Байден алдағы сайлауға қатыспау туралы шешімін жариялайды. Ал өзінің орнына АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әйелі Мишельді ұсынады деген болжам бар.

Демократиялық партия тіпті Мишельді әлеуетті кандидаттар қатарына қосты. Көптеген америкалықтар әйел президент болғанын қалайды.

Бұл қиял терең шарасыздықтан туындап отыр. Бұрын-соңды АҚШ тарихында мұндай танымал емес екі үміткер бір-бірімен қарсыласқан емес, - делінген Der Spiegel хабарламасында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: