Бақытжан Базарбек Талғардағы оқиғаны бақылауда ұстайтынын мәлімдеді

9 Қазан, 18:26 1423

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Талғардағы атышулы қылмысты бақылауда ұстайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілі депутаттан «Талғарда айдың күннің аманында ата-анасының көзінше баласын өлтіріп кетті. Соңғы кездері мүндай жайттар елімізде көбейіп кетті. Осы оқиғалардан кейін халық қаншалықты ішкі істер органдарына сенім арта алады?» деп сұрады. 

Біріншіден, қазір әлі тергеу жұмыстары аяқталған жоқ. Жалғасып жатыр. Ол қоғамның бақылауында. Бұл әлеуметтік әділдіктің орын алуына бірден бір мүдделі азаматтардың бірі менмін. Сондықтан да бұл жайтты біз бақылауда ұстаймыз. Егер де ішкі істер органдарының тарапынан ешқандай өзгерістер болмаса, тиісті әлеуметтік әділдікке үлкен нұқсан келеді, - деп жауап берді мәжілісмен.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары  Нартай Аралбайұлы мен Абзал Құспан да Талғардағы резонансты қылмысқа қатысты пікір білдіріп, тергеудің ашық өтуін талап етті.

Миражан Махан
Бөлісу: