Бақытжан Байжановқа қауіп төніп тұр - адвокат

16 Сәуір, 11:20 1290

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 11-сот отырысы өтіп жатыр. Сот 9:30-да тікелей эфирде басталып, адвокаттардың өтінішін қарау үшін сот трансляциясы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың адвокаттары судьяға қандай өтініш айтқанын мәлім етті.

Адвокаттар Бақытжан Байжановты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш берген. 

Бақытжан Байжановтың жеке басына Қуандық Бишімбаевтан қауіп төніп тұрғандықтан адвокаттар үйқамаққа алу туралы өтініш білдіруде. Сондай-ақ Байжановтың өзі де қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі заң бұзушылықтар туралы айтқан еді. Судья қазір адвокаттың өтінішін қарастыруда, - деді Айтбек Амангелді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: