Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа берген өтінішін қайтарып алды

3 Қыркүйек, 00:31 545

Жоғарғы сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сотталған туысы Бақытжан Байжанов үкімнің күшін жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұраған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы өтінішін қайтарып алған.

Бақытжан Байжанов биылғы 26 тамызда сотты қайта қарау туралы өзінің кассациялық өтінішін кері қайтарып алды. Осыған байланысты өтініш алдын ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығарылады, - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында. 

Зарина Арман
Бөлісу: