Бақыт Сейдіш ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 31 наурыз – 10 сәуір аралығында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасындағы финал жекпе-жектері басталды.
Ұлттық құрама спортшысы Бақыт Сейдіш (-70 кг) ақтық сында Арундхати Чоудхаримен (Үндістан) күш сынасып, тартысты өткен айқаста қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Бақыт ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Есеп: 1-4.
Айта кетерлігі, Бақыт Сейдіш 2022 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.
Бүгін Бақыттан бөлек, Надежда Рябец (-80 кг) мен Дина Исламбекова (+80 кг) бас жүлдеге таласады.