Танымал боксшы Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Артаевты актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев таныстырды.
Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.
Естеріңізде болса, бұған дейін Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысы спортының тізгінін алған. Осылайша, екі боксшы екі өңірдің спортын басқаруға мүмкіндік алып отыр.