Банкроттыққа өтініш бергендердің 80%-ы талапқа сай келмейді

31 Қазан 2023, 13:00 3841

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» деп аталатын жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл ақпараттық жүйе арқылы өтініш беру мүмкіндігін және өтініш берушінің тиісті критерийлерге сәйкестігін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы автоматты түрде тексеруге болады. Биыл 3 наурыздан бастап 70 мың өтініш келіп түсті. Оның 80 пайыздан астамы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды (56,4 мың өтініш).

Вице-министр Ержан Біржанов өтініш берушілердің талапқа неліктен сай келмейтінін түсіндірді. Негізгі себептері: жеке басында мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу.

Бүгінгі таңда 9 млрд теңгеден астам борыш сомасына 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгінген. Әрине, банкроттыққа ұшырау барлық мәселені шешпейді. Бұл, үмітсіз қарыздан құтылуға мүмкіндік беретін рәсімдердің белгілі салдары бар. Көбісі оларды жақсы біледі (несие алуға тыйым салу (5 жыл), қаржылық жағдайды бақылау (3 жыл) және т.б.), - деді ол. 

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: