Банк несиесі мен микрокредит алудан енді ерікті түрде бас тартуға болады

2 Маусым 2023, 00:46 1211

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет алаяқтық фактілеріне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрландыру мен қашықтан көрсетілетін қызметтердің дамуымен бірге тұтынушылық кредиттеу нарығында азаматтарға жалған қарыздарды алаяқтық жолмен ресімдейтін алаяқтар да жанданды. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында 2021 жылдан бері Агенттік қарыз алушыларды идентификаттау рәсімдерін күшейту және онлайн микрокредиттер беру кезінде кредиторлардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, - делінген жауапта. 

2021 жылғы наурыздан бастап Агенттік барлық микроқаржы ұйымдарын (МҚҰ) микрокредиттер беру кезінде клиенттің шынайылығын нақты тексеруді және растауды, оның деректерін өтінімде көрсетілген деректермен салыстыруды, клиенттің нақты биометриялық деректерінің жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ клиенттің микрокредит алуға білдірген еркін тіркеуге міндеттеді.

Осылайша, алаяқтыққа жол бермеу және микроқаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау үшін Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 63 қаулысымен онлайн микрокредиттер беру кезінде қарыз алушыларды идентификаттаудың жаңа тәртібі енгізілді. Енді микрокредитті қашықтан алу үшін қарыз алушыны мына үш тәсілдің бірімен идентификаттау жүргізіледі:

1) электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы; 
2) ҰБ ҚБЕО ИДАО1 сервисін пайдалана отырып қарыз алушының биометриялық өлшемдеріне сәйкестігі;
3) қарыз алушының жеке деректерін және бейнесін нақты уақыт режимінде екі факторлы тексеру арқылы. Бүгінгі таңда ҚБЕО ИДАО жүйесіне микрокредиттерді электрондық тәсілмен беруді жүзеге асыратын барлық МҚҰ қосылған.

Агенттік басқа адамға микрокредит ресімдеумен байланысты тәуекелдерді азайту үшін Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №108 қаулысымен мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстыру арқылы өтініш берушіні аутентификаттаудың қосымша тәсілдерін енгізді. Азаматтардың құқықтарын жалған кредиттерден қорғау мақсатында Агенттік МҚҰ үшін алаяқтық микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру және талап-арыз жұмысын тоқтату бойынша талаптар енгізді. Қарыз алушылар ресімделген жалған микрокредиттер бойынша олардың берешегін сот шешімінің негізінде есептен шығару бойынша МҚҰ-ға қойылатын талап нормативтік түрде белгіленді, - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.

2022 жылдан бастап Агенттікке жеке тұлғалардың 132 жолданымын және ішкі істер органдарының 26 ұсынымын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың жалған микрокредиттерді ресімдеуі мәселелері бойынша 158 жолданым келіп түсті.

Агенттік барлық жолданым бойынша құжаттамалық тексерулер тағайындады, олардың қорытындысы бойынша 9 МҚҰ бойынша жазбаша нұсқамалар түрінде шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды. МҚҰ 46 микрокредит бойынша 4,5 млн теңге сомаға заңсыз берешекті есептен шығарды, сондай-ақ кредиттік тарихқа түзету жүргізілді. 23 микрокредит бойынша тергеу аяқталғанға дейін және клиенттің микрокредит алмау фактісін растайтын сот шешімін алғанға дейін сыйақы есептеу және шағым-талап жұмыстарын жүргізу тоқтатылды, - дейді ол.

Оның айтуынша, заматтарды алаяқтардан қорғауды арттыру мақсатында Агенттік кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жөніндегі жол картасын әзірледі. Жол картасы аясында: 

1) қаржы ұйымдарымен алаяқтық операциялар және осындай операцияларға тартылған адамдар бойынша деректер ақпарат алмасу үшін Антифрод-орталық құру;
2) алаяқтық белгілері анықталған кезде клиенттің өтініші бойынша ақшаға қолжетімділікті тоқтату тәртібін әзірлеу;
3) кредиттік алаяқтықты, жалған шопингті немесе өзге де заңсыз қызметті анықтаудың онлайн жүйесінің болуы бойынша кредиттік бюроға қойылатын талаптарды белгілеу;
4) жеке тұлғаларға берілген онлайн қарыздар туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде кредиттік бюроларға беру жөніндегі талаптарды белгілеу;
5) банктерге және МҚҰ-ға онлайн кредит алуға өтінімнің келіп түскені, сондай-ақ онлайн кредитті ресімдеуге оның растамасын алғаннан кейін ғана клиенттің шотына ақша аудару мүмкіндігі туралы клиентті хабардар ету бойынша талаптарды енгізу;
6) онлайн режимде микрокредиттер беру кезінде қаржы ұйымдарының мобильді қосымшаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыру көзделген.

Сонымен қатар, Агенттік бірінші рет кірген, құпиясөзді өзгерткен және қарыз алған кезде міндетті болатын биометрияны енгізді, қосымшаның жұмыс істеу қауіпсіздігінің бұзылу белгілері анықталған кезде мобильдік құрылғыны қол жеткізу құқықтарының бұзылу белгілерінің болуы немесе қашықтан басқару және функционалды бұғаттау процесінің болуы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырды.

Электрондық үкіметтің порталы арқылы азаматтарға онлайнмикрокредиттер ресімдеуге тыйым салу тетігін енгізу жөніндегі депутаттардың ұсыныстарын іске асыру мақсатында, Агенттік заңнамалық актілерге төмендегілерді көздейтін түзетулер әзірледі:

1) жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу құқығын бекіту. Бұл сервис «электрондық үкіметтің» веб-порталында және «eGov Mobile» мобильдік қосымшасында іске асырылатын болады;
2) банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарыз алушының кредиттік тарихында кредит алудан ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде жеке тұлғаға кредит беруге тыйым салу енгізу;
3) кредит ресімдеуге тиісті тыйым болған кезде жеке тұлғаны берілген кредит бойынша міндеттемелерді орындаудан босату. Заңнамалық түзетулер блогы қаржы нарығына қатысушылармен келісілген және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде.

Қаржы пирамидаларын мониторингтеуге және оларға қарсы ісқимыл жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысты. 2021 жылдан бастап Агенттік басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен (Бас прокуратурамен (БП), Ішкі істер министрлігімен (ІІМ), Қаржылық мониторинг агенттігімен (ҚМҚ), Ұлттық Банкпен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Білім министрлігімен, Сыртқы істер министрлігімен, Әділет министрлігімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) бірлесіп, қаржы пирамидаларының қызметіне және алаяқтыққа қарсы ісқимыл жөнінде іс-шараларды жүзеге асыруда.

Мысалы, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 85-тармағын орындау мақсатында БП мемлекеттік органдармен бірлесіп Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кешенін әзірледі.

1) 2021 жылдан бастап халыққа жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың қызметі мен интернет жобалар туралы алдын ала ескерту шеңберінде Агенттіктің ресми сайтында азаматтардан және кепілдендірілген кірісті (мүліктік пайданы) төлеуге уәде берген, оның ішінде әрекеттеріне азаматтардың ҚНРДА-ға шағымдары келіп түскен ұйымдардан ақша тарту жөніндегі қызмет белгілері бар тұлғалардың* тізімі2 жарияланды. Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл негізінде қалыптастырылды. Қазіргі уақытта көрсетілген тізімге 235 субъект енгізілді. 

2) Сондай-ақ, қаржы пирамидалары белгілері бар субъектілердің қызметін жедел тергеу және жолын кесу мақсатында Агенттік құқық қорғау органдарымен бірлесіп 39 белгіден тұратын, қаржы пирамидалары белгілерінің тізбесін бекітті. Агенттік бекіткен белгілердің негізінде 2022 жылдан бастап әлеуметтік желілер мен интернеттің мерзімді мониторингінің қорытындысы бойынша 175 күмәнді ұйымдар мен адамдар анықталып, олар бойынша материалдар ІІМ-ге берілді.

3) Қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдар туралы халыққа ескерту шеңберінде азаматтардың ҚМА алаңында ұйымның БСН енгізу арқылы қаржы пирамидаларының белгілерінің бар-жоғын тексеруіне мүмкіндік беру үшін Telegram-бот әзірленіп, іске қосылды. Бұл рәсім қылмыстық істер бойынша ҚМА және ІІМ тізілімдеріндегі ұйымды Агенттіктің қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар тізілімдерімен және жоғарыда көрсетілген Тізіммен салыстыру жолымен жүзеге асырылады. 

Әлеуметтік желілерге кешенді мониторинг жүргізу және алаяқтық мақсатта онлайн-жарнаманы пайдаланатын топтарды бұғаттау үшін ІІМ мен ҚМА «Киберқадағалау» кешені жұмыс істейді. 2022 жылы қаржылық алаяқтардың жарнамалық қызметі бар 13 мыңнан астам веб-парақтар мен аккаунттар бұғатталды, интернет алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысы тоқтатылды. «Жалған» нөмірлерден 5,5 млн қоңырау бұғатталды.

Сонымен қатар ҚМА-ның ақпаратына сәйкес қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттарға жазылушыларды анықтауға мүмкіндік беретін талдау
жүйесі енгізілді, бұл нысаналы аудиториямен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2023 жылғы 1-тоқсанда 23 мың азаматқа ескерту хабарламалары жіберілді, оның 90%-ы (21 мың) күдікті аккаунттардан бас тартты.

АҚДМ Ұлттық ақпараттық кеңістікті автоматтандырылған мониторингтеу жүйесі арқылы заңнаманы бұзу белгілері бар материалдарды анықтау және тіркеу үшін БАҚ-қа, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге, теледидарға, газет пен радиоға мониторингтеуді жүзеге асыратынын қосымша атап өтеміз. Ол үшін мемлекеттік органдар қаржы пирамидаларын жарнамалауда қолданылатын 800-ден астам негізі негізгі сөздердің, сөз тіркестерінің (сілтемелер, материалдың мазмұны және т.б.) тізімін жасап, қаржы пирамидаларын анықтау бойынша жасанды интеллект алгоритмдерін кейіннен іске асыру үшін АҚДМ-ға жолдады.

2022 жылы АҚДМ бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін мониторингтеу арқылы қаржы (инвестициялық) пирамида қызметінің белгілері бар 2 846 бұзушылық анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша уәкілетті орган 13 ұйғарым шығарды, олар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 238 интернет-ресурстар мен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, сондай-ақ заңға қайшы 2 608 материалды жою бойынша шаралар қабылдау үшін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер әкімшіліктерінің атына 153 хабарлама сипатындағы хат жолданды.

2023 жылғы 1 қаңтар – 29 мамыр аралығындағы кезеңде АҚДМ бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін мониторингтеу арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің белгілері бар 3 337 бұзушылық анықталды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті орган 6 ұйғарым шығарды, олар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 88 интернетресурстар мен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, сондай-ақ заңға қайшы 3 249 материалды жою бойынша шаралар қабылдау үшін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер әкімшіліктерінің атына 115 хабарлама сипатындағы хат жолданды.

Перизат Саденова
Бөлісу: