Балқашта өртеніп жатқан пәтерден қарт адам құтқарылды

30 Тамыз, 12:15 1135
Балқашта бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Онда 2 шаршы метр аумақта үй заттары жанған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ТЖМ күштерімен үй иесі - 1955 жылғы ер адам құтқарылды.

Уланып қалған ер адам жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Өрт толығымен сөндірілді, себебі анықталып жатыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: