Балқаш көліне апаратын жол қашан жөнделеді

Бүгiн, 16:46 131

Облыста туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал етті. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңындағы есеп беру брифингінде атап өткендей, биыл өңірге 2 млн-нан астам турист келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алакөл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту қолға алынды. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды.

Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 

Жетісу облысының туристік әлеуетін көтеретін тағы бір нүкте – Балқаш көлі. Балқашқа дейінгі 132 шақырым жолдың 122 шақырымында құрылыс аяқталды, қалған 10 шақырымы 2025 жылдың мамыр айына дейін жолды асфальтпен жабамыз. Келесі жылдың туристік маусымына дейін Балқашқа дейінгі жол тақтайдай болып жатады. Сонымен Лепсі станциясынан 18 шақырымнан Балқаш көліне дейін биыл  республикалық бюджеттен бөлінген 2,2 млрд теңгеге электр желілері мен ауыз суды тартып жатырмыз. Балқаш көліне дейін жетті. Ендігі мақсат – биыл курорттық жағалаудың 16 шақырым курорттық рекреациялық аймақты тұщы ауыз сумен және жарықпен қаматамысз ету, – деді өңір басшысы. 

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында шаңғы-биатлон кешенін салу бойынша жобалық құжаттама әзірленді. Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеуге келесі жылға республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге қарастырылды. Жасылкөлге дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталып, Тополевка ауылында жаңа визит-орталық ашылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: