Балқаш көлінің су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді, - делінген хабарламада.
Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін Сарышаған, Қарақұм, Балқаш, Мыңарал гидробекеттерінде бақылау жүргізіледі.
Сондай-ақ, су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барғанын мәлімдеді.