Балмұздақтан уланып қалмас үшін не істеу керек?

10 Шілде 2023, 11:44 1234

Жазда балмұздақ ең көп сұранысқа ие десерт, бірақ оны сақтау үшін ерекше жағдайлар қажет. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балмұздақтан уланып қалмау үшін не істеу керегін мәлім еттідеп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балмұздақ дайындау әдісіне қарай жұмсақ және қатайтылған болып бөлінеді.

Жұмсақ балмұздақ 4-8°C температурада фризердің көмегімен жасалады және оны дайындағаннан кейін бірден жеу керек, сақтауға болмайды. 

Оқи отырыңыз:

Қатайтылған балмұздақ өндірісте арнайы жабдықта (-18°С және одан төмен) терең мұздату арқылы дайындалады, бұл ретте температура тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде сақталуы тиіс.

Балмұздақты мұздатқышта сақтаған кезде оның тағамдық құндылығы мен дәмі уақыт өте келе өзгереді. Сақтау процесінде балмұздақ бөгде иістерді өте оңай сіңіреді. Теріс температура бактериялардың өсуінің баяулауына әкеледі, бірақ еріген кезде микроорганизмдер үшін көбеюге қолайлы орта қалыптасады.

Балмұздақтан уланып қалмас үшін мыналарды есте ұстаған жөн: 
• Қайта мұздату белгілері – бастапқы пішінінің жоғалуы, су тамшылары немесе мұз кристалдары көрінеді. Оны тұтынудан бас тартқан дұрыс.
• Балмұздақ дұрыс сақталмаған кезде өзіне тән емес дәмге ие болады, глазурь ақ жабынмен жабылған және біркелкі емес консистенцияға ие болады.
• Сауда желісінде балмұздақ сатып алғанда, камераның жай-күйіне де назар аударыңыз. Ол таза, бөтен өнімдер мен иіссіз болуы тиіс.
• Балмұздақтың жарамдылық мерзімі мынадай факторларға байланысты: түрі, дайындау технологиясы, орау әдісі, қаптама түрі, сақтау шарттары және ингредиенттері (бірнеше сағаттан 1,5 айға дейін). Сақтау ұзақтығына қаптаманың көлемі де әсер етеді, балмұздақдың орауы неғұрлым көп болса, сақтау және жарамдылық мерзімі де соғұрлым аз болады.
• Ісінген қаптама – мерзімі өткен балмұздақтың белгісі.
• Балмұздақты белгіленбеген сауда орындарынан және өлшеп сататын жерлерден сатып алудан бас тартыңыз. Сатушының медициналық кітапшасы мен өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының бар-жоғын сұраңыз;
• Сатушылардың арнайы нысанды киімі және бас киімі болуы тиіс, олар бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалануы керек. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: