Баланың құқығына қарсы іс-әрекеттің бәрі қатаң жазаланады – Ләззат Рамазанова

8 Қаңтар, 16:50 1929
Ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселе 2019 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын және бұл уақыттарда қоғамда кері түсінік болғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.
 
Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова 2019 жылдан бастап ұлттық комиссия аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы бірнеше рет көтерілгенін атап өтті.
2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы дәл осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселені бір емес бірнеше рет өзінің Жолдауында айтты. Осы салада жасалған қылмыс міндетті түрде қатаң жазалалануы керек. Бүгінгі таңда өкінішке қарай наразылық тудыратын фактілер бұл мәселені алдыңғы қатарға шығарып отыр. Десе де, мемлекеттің азаматтық қоғаммен жасалып отырған жұмыстарының нәтижесі заңнамаға кіретін жаңа өзгерістер. Осы саладағы қағидаттарды заңды түрде қатаңдату. Ертеңгі күні зәбірлеуші білу керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, баланың құқығына қарсы іс-әрекет болсын мұның бәрі мемлекет тарапынан қатаң жазаланады, – деді Ләззат Рамазанова.

Ұлттық комиссияның төрайымының айтуынша, аталған мәселе 2019 жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Сол кезде қоғамда кері түсінік болғанын атап өтті.
Ақпараттық, әлеуметтік желі де болсын қоғамда кері көзқарастар болды. Бүгінгі таңдағы пысықталған заң жобасы осы мәселелердің барлығына оң жауабын беріп отыр. Дәл осы сұраққа байланысты соңғы нүкте Президенттің мақаласында болды, – деді ұлттық комиссия төрайымы.
Айта кетейік, «Заңнамалық өзгерістер және қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде заң жобасына енгізілген жаңа нормалар қаралды.
 
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: