«Балаң бірнәрсе бүлдірді». Көріпкел Альмира Бишімбаеваға хабарласқан

24 Сәуір, 11:20 4905

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта куәлік еткен көріпкел-таролог 9 қараша күні болған оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Көріпкел сотта өзінің медициналық білімі жоқ екенін айтты. Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні ол Қуандық Бишімбаевқа жедел жәрдем шақыру керегін айтқан.

Ол көпшіліктен қорқатын. Сондықтан мен жекеменшік жедел жәрдемді шақыруды ұсындым, - дейді көріпкел.

Бишімбаевпен Шымкентте бірнеше рет кездескенін де жасырмады.

Соңғы рет сөйлескеннен кейін анасына хабарластым. "Балаң бірнәрсе бүлдірді, барып, біл", - деп айттым. Ол қатты жылай бастады, мен тұтқаны тастай салдым, - дейді таролог.

Айта кетейік, Альмира Бишімбаева ұлы Қуандық Бишімбаевты көріпкелмен өзі таныстырған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: