Балалы бола алмайтынын айтқан танымал блогер кінә өзінен екенін айтты

18 Мамыр 2023, 17:05 15256

Әзілкеш, асаба, желіде  "Колобок” деген лақап атпен танымал Елдос Кәдірханов жеке өміріне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеті жылдан бері бала болмағанын айтып, бетіне баса беретіндерге жауап берді.

Отбасын құрғанымызға жеті жыл енді болады. Негізі сұрақтар бар, айтылды. Әлі де айтылып жатыр. Басында "Не болды? Әйелің неге бала көтермей жатыр?" деп сұрайды. Бірнәрсе болса, біздің қазақта әйелді кінәлайды ғой. Бала болмай жатса кінәлі - әйел. Бәрінің ойында сол,- дейді әзілкеш.

Ол басында туыстары мен достары сұрай берсе, қазір кезде желіде оқырмандар мазасын алатынын айтады. "Біздің ауылда мынадай емші бар. Көзі көрмейтін апа бар. Біреудің басына түне" деп көп нәрсе жазады. Енді ол біздің көңілімізге тиеді. Бірақ ол жаман болсын деген оймен емес қой. Олар шын ниетімен "балалы болса екен" деп жазады. Бірақ кейбіреулері артығымен жазып, көңілге тиеді деп отыр. 

Ауырып операцияға түстім. Дәрігерлер: “Дер кезінде келіп үлгердің, болмаса өліп кетер едің” деді. Бұтым ауырды, валикация, болмаса басқа дүние деп ойладым. Шұғыл операция керек екен, ісікке айналу қауіпі бар болған. Ота жасалған соң дәрігерлер менде бедеуліктің белгілері барын, балалы бола алмауым мүмкін екенін айтты. “Отадан кейін тексеріліп көр, қалпыңа келген соң белгілі болады” деп сырқатым туралы бәрін біліп тұрса да, мені үміттендіріп шығарып салды, -  дейді Елдос Кәдірханов.

Ол кезде блогер 21 жаста болған. Одан бері 10 жыл өткен. “Аппарат” жұмыс істеп тұр, өз қызметін атқарады, белгілі бір сұйықтық бөлінеді, бірақ балаға айналмайды екен.

Бармаған жерім жоқ, шетелге де бардым. Шетелде жүрсек, басқалар қыдырып жүр деп ойлайды. Оның артында біздің көз жасымыздың тұрғанын, шок болып, қанша рет әйеліммен сөйлеспей қалған кездерім болғанын білмейді. Бір-бірімізге “ажырасайықшы, біз бірге тұра алмаймыз, отбасы бола алмаймыз” деп айтқан кездеріміз болады. Сол сәтте осындай сөздер айтылады, басыламыз, “ештеңе етпейді, бұдан да өтеміз” дейміз соңында. Келіншегім Таңшолпан сырқатым жайлы білді.Үйленердің алдында ашығын айттым. Маған қатты ауыр тиген сөз: "Сенде 100% бала болмайды". Пендеміз ғой, бал аштыруға да бардық, - дейді әзілкеш. 

 Ол арманым, үйге кірген кезде баламның "әке" деп алдымнан шығуы деп отыр. Ақша, дүние маңызды емес.Ақшасыз да өмір сүргенмін дейді.

Қарапайым отбасылар бар ғой, балаң "әке" деп алдыңнан жүгіріп шығады ғой. Мен соны армандаймын. Соған жетуге әрекет етемін. Менің өтінішім, әйеліме тиіспесе екен. Шаршатты. Менің кінәлі екенімді білмейді ғой. Маған жаны ашып қалағанын қаламаймын. Мойындап айтсам, ертең не болады дедім. Бірақ әйеліме кінәлі адам ретінде қарағанын қаламаймын, -  дейді Елдос Кәдірханов.

Алмас Абылай
Бөлісу: