Балалармен үйде ойнайтын 5 ойын

29 Желтоқсан 2018, 10:07 113700

Балалардың көңілін қалай аулауға болады?

Қыс мезгілінде балалардың көп уақыты үйде өтеді. Ал үйде отырған бала гаджеттен шығара алмайсың. Ендеше балаңыздың көңілін аулап, онымен қызықты уақыт өткізгіңіз келсе, мына ойындарды бірге ойнап көріңіз. 

1. "Тиын тастау" 

Сурет: iStock

"Тиын тастау"  балалардың көз және қол координациясын жақсартады. Оның үстіне бұл ойынға отбасының барлық мүшесі қатыса алады.  

Керек заттар:
- Тиындар;
- Пластик стақандар.

Қалай ойнайды?
1. Әр қатысушы 5 тиыннан алады.
2. Стақанды столдың немесе орындықтың үстіне қойыңыз.
3. Балаңыз неше жаста болса, стақан тұрған жерден артқа қарай сонша рет қадам жасасын. Үлкендер баладан бес қадам алыстаса болады.
4. Бала қолындағы тиындарды стақанға лақтыруы керек.
5. Кім көбірек тиын салса, сол жеңіске жетеді.

Ескерту: Ойын алдында тиындарды жақсылап жуыңыз.

2. “Тыңда!” 

Сурет: Shutterstock

Қызықты уақыт өткізумен қатар, бұл ойын балалардың музыкалық түйсігін жақсартып, зейінін арттырады.

Керек заттар:
- дыбысы анық шығатын заттар.

Қалай ойнайды?
1. Үйдегі дауысы ерекше шығатын заттарды (шыны ыдыс, тарақ, кітап, қалам және т.б.) жинап алыңыз.
2. Баланың көзін таңу қажет.
3. Баладан дыбыс арқылы затты дұрыс табуын сұраңыз.

3. "Қызықты баскетбол”

Сурет: Shutterstock

Балалардың көңілін аулайтын тағы бір қызықты ойын - “Үйдегі “баскетбол”. Ал ойынға керек заттар әр үйден табылады.

Керек заттар:
- әр түрлі шұлық;
- пластик шелек немесе киім салатын себет.

Қалай ойнайды?
1. Шұлықтарды түйіндеп, доп жасаңыз.
2. Киім салатын себетті (немесе шелекті) 1 метрдей қашықтықта орналастырыңыз.
3. Шұлықтарды кезек-кезек себетке лақтырыңыз.
4. Себетке дәл түскен сайын артқа қарай бір қадам жасаңыз.

4. “Қазына іздеуші пингвиндер”

Сурет: Shutterstock

“Қазына іздеуші пингвиндер” - балаларға сөзсіз ұнайтын ойын. Әсіресе, жаздың аптабында балаңызбен осы ойынды ойнап көріңіз.

Керек заттар: 
- үлкен, тегіс контейнер;
- түрлі-түсті ұсақ-түйектер (моншақ, кішігірім ойыншықтар және т.б.)
- тамызғыш (пипетка) немесе бөтелке.

Қалай ойнайды?
1. Контейнерге толтырып су құйып, ішіне таңдап алған ұсақ-түйектерді салыңыз.
2. Контейнерді мұздатқышқа салып, судың мұзға айналғанын күтіңіз.
3. Контейнердегі мұзды үлкен ыдысқа түсіріңіз.
4. Бөлек ыдысқа жылы су (ыстық емес) дайындап, балаңыздан тамызғышпен (не бөтелкемен) мұзды ерітіп, “қазыналарды” табуын сұраңыз.

Ескерту: Балаңызға суық тиіп қалмауын ескеріңіз!

5. Әңгімешіл балалар"

Сурет: iStock

Балаңыздан ойдан әңгіме құрауын сұраңыз. Бұл оның шығармашылық қырын дамытып, басқа ортада өзін еркін ұстап, еркін сөйлеуге үйретеді.  

Керегі:
- әңгімеге өзек болатын идеялар.
Қалай ойнайды?
1. Егер балаңыздың жасы үлкен болса, ортақ тақырып тауып, сол жайлы әңгіме құрап, баяндап беруін сұраңыз.
2. Егер балаңыз кіші болса, өзіңіз бір әңгімені бастап, соны жалғастыруын өтініңіз.

Ескерту: Балаңыздың әңгімесінде ешқандай мағына болмауы мүмкін. Сондықтан оны тоқтатуға немесе түзетуге тырыспаңыз. Бұл олардың ойын бұзады. Ойдан шығарылған әңгіменің шындыққа жанасуы міндетті емес.

Перизат Кәрімқұл
Бөлісу: