Балаларға қатысты зорлықтың алдын алу жөніндегі нұсқаулық әзірленді

24 Тамыз 2023, 09:18 958

Қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қатысты алаңдаушылықты негізге ала отырып, оның алдын алу және қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, "Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн" атты акция басталды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөніндегі 2023 жылғы өткізілген жаппай сауалнамасы нәтижесінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары ретінде бірінші орында жаман әдеттер (алкоголизм, нашақорлық, ойындарға құмарлық) тұрғанын атап өтуге болады. Респондеттердің жартысынан көбі осындай жауапты таңдаған (55,3%). Сондықтан күрделі мәселелер бір-бірімен жең ұшынан жалғасып жатыр және оны министрлік те жан-жақты зерделеп, өз құзіреті бойынша тиісті шара қабылдап келеді, - деп жазды министр Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары бірігіп «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі нұсқаулық» дайындағанын айтты.

Одан бөлек биыл Қоғамдық даму институтының сарапшылары  “Балалар мәселесін БАҚ-та қалай қауіпсіз жариялауға болады” деген тақырыпта практикалық нұсқаулық жариялады.

Балалар тақырыбы туралы жазғанда да ақпарат алаңында мұқият болғанымыз абзал. Сонымен қатар, Qazaqstan ұлттық арнасы біздің тапсырысымызбен “Қорғансыз бала” атты деректі фильм түсірді. Фильмде осы мәселеге атүсті қарамайтын, тәжірибелі мамандардың пікірі берілген, - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: