Жақын күндері елімізде балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін жаңа отандық мультфильм жарыққа шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мультсериалды Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық банк бірлесіп жасаған. Жобаның мақсаты - балаларға ақша басқарудың қарапайым әрі түсінікті тәсілдерін көрсету.
«Қаржы әлемі» атты мультсериал орман қалашығында тұратын мектеп оқушыларының өмірін баяндайды. 12 бөлімнен тұратын туындыда Барыс, Арқар, Құлан, Сілеусін, Тиін, Сұртышқан, Кірпі сияқты кейіпкерлердің күнделікті қаржылық тәжірибелері көрсетіледі. Балаларға ақша жұмсауды, үнемдеуді, жоспарлауды және еңбек ету мәнін түсіндіру жеңіл әрі қызықты тілде беріледі. Сондай-ақ, кейіпкерлердің тарихы арқылы алаяқтықтан және қаржылық пирамидалардан қалай сақтану керектігі үйретіледі.
Мультсериал қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Сценарийді қаржы және білім беру саласының сарапшылары бірлесіп жазған.