Бүгінгі шығарылымымыздың қонағы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских. Сұхбат барысында біз тек саяси қызмет жайын ғана емес, Геннадий ағамыздың жеке өмірі мен күнделікті әдеттері туралы да әңгімелестік. Мәселен, бос уақытында PlayStation ойнайтынын айтып, өзіміз білмейтін қырын көрсетті. Сонымен қатар бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтар және қоғамдағы жауапкершілік тақырыптары да кеңінен қозғалды. Әсіресе, сенатордың «балалар мектепте еден жуып, еңбекке араласуы керек» деген пікір айтты. Оның айтуынша, бұл – баланы еңбекке баулудың бір жолы. Ал сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Балаларды мектепте еңбекке араластырған дұрыс па?