Балалардың биометриялық деректері заңсыз жиналған – министрлік

15 Қазан, 21:08 460

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтардың шағымдарына негізделген жоспардан тыс тексерулер барысында биометрикалық идентификация жүйелерін әзірлеушілер мен шығармашылық үйірмелер арасында бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов атап өткендей, үшінші тоқсанда тексерулер төрт ұйымды қамтып, нәтижесінде ата-аналардың келісімінсіз балалардың биометриялық деректерін заңсыз жинаудың екі жағдайы анықталды. Тексерулердің қорытындысы бойынша 332 280 мың теңге көлемінде жалпы сомада екі әкімшілік іс қозғалды. 

Министрлік жеке деректердің таралуына жауапкершілікті арттыру мақсатында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекске өзгерістер енгізуді ұсынды, бұл өзгерістер жауапкершілік мерзімін және бұзушылықтарға салынатын айыппұлдарды үш есеге көбейтуді қамтиды. Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін рұқсатсыз пайдалануға жауапкершілік енгізу жоспарлануда, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: