Балалардың аяқ-қолын байлап, азаптаған ер адам ұсталды

16 Ақпан, 12:45 1071

Алматы облысында балаларды азаптаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өткен.

Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Айта кетейік, желіде балаларды азаптаған ер адамның видеосы тараған болатын.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: