Балалардың әлеуметтік желіні қолдануына қалай шектеу қоямыз? Мамандар кеңесі

9 Қазан, 17:40 509

Қазір әлеуметтік желіні қолданбайтын қоғамның мүшесін кездестіру қиын. Әр адамның әрбір желіде жеке аккаунты бар. Иә, желі қолданушыларының әлеуметтік желоіні онлайн күнделікке айналдырғанына да он жылдың жүзі болыпты. Дегенмен, күнделікті лайк пен жағымды пікірлердің арғы жағында болып жатқан оқиғалар туралы ойланбау мүмкін емес. Балалар көзін аша салысымен телефонға телміріп, бар уақытын экраннның ар жағындағы виртуалды әлемге арнап жатыр.

 «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Аймағанбет, әлеуметтанушы Таңшолпан Жауынбай және Quantum Tech School директоры Динара Сағадатова «Ашық алаң» бағдарламасында әлеуметтік желіге тәуелділікті тоқтату мәселесін ортаға салып, проблеманы шешу жолдарын талқылады.

Смартфон мен гаджет мәселесі бүгін ғана туындап отырған жоқ. Шынына келгенде бұл осыдан 20 жыл бұрын ең алғашқы смартфондар шыққан сәттен америкалық педагог Марк Пренски осы мәселені көтеріп, дабыл қаққан еді. Оның айтуынша, балалар смартфон-гаджеттерге тез үйренеді. Олар сол әлемнің аборигендері сияқты. Ал олардың ата-аналары мен мұғалімдері 25-30 жас үлкен болғандықтан имигранттар секілді болады. Демек, олар балаларынан үйренеді. Сондықтан, әу бастан-ақ балаларды қалай бейімдеу керегі туралы тақырыптар қозғалған болатын. Балаларды превенциялау мақсатында оқулықтар да шықты. Бірақ оны ешкім қолдана бермейді. Қазір біз проблема шыққаннан кейін ғана оны шешу жолдарын іздеп жатырмыз. Ең бірінші қадамды телефондарды тіркеуден бастауымыз керек. Әр телефонды сатып алу процесі қалай жүзеге асады? Бала емес, баланың ата-анасы телефоны өзінің жеке куәлігімен алады. Бірақ балалар қолданады. Ертең кибербуллинг болған жағдайда оны кім жазғанын да біле қоймайды, таба алмайды. Қазіргі таңда киберполицейлер жұмыс істейді, бірақ солардың өзіне қиын түседі. Сондықтан ең алдымен заңға қажетті нормаларды енгізуіміз керек, - дейді  «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Аймағанбет.

«Әкелер одағы» төрағасы балаларға арнайы SIM-карта беруді ұсынады. Сонда ғана кәмелет жасқа толмаған баланың смартфондағы мобайл қолданбалары мен уақытына бақылау енгізуге болатынын атап өтті.

Бірнеше жылдан бері айтып жүргеніміздей, балалардың арнайы SIM-картасы болуы керек немесе балалардың ЖСН нөміріне тіркеп алу керек. Балаларға смартфон берместен бұрын түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Тек ата-аналардың ғана емес, мектепте де ағартушылық жұмыстары жүйелі жүргізілуі керек. Мысалы, жаңа технологиялар әр ғасырда шыға бастаған. Көліктер шыққанда да куәлік болған жоқ, кейіннен 18 жасқа толғандарға, тіпті, кей мемлекеттерде 19-21 жасқа толғандарға куәлік бере бастады. Бізге осындай заңнамалар керек. Біз оны қоғам болып, ата-аналармен бірлесе жасауымыз керек. Сонда ғана жағдай реттеледі. Әйтпесем, баланың да, үлкеннің де қолындағы смартфондағы интернетте барлық ақпарат қолжетімді. Оның ішінде суициді де, порнографиясы да бар. Барлық ашық тұр. Мұны реттеуге мемлекет тікелей кірісуі керек. Ата-аналар қадағалайтын мобайл қолданбалар мен бағдарламалар туралы айтып жатады. Бірақ мемлекет реттеуді қолға алуы тиіс. Кей мемлекеттерде министрлік немесе үлкен телекоммуникациялық компаниялар 18 жасқа толмағандарға кейбір сайттарды бұғаттап, кіргізбей қояды. Менің ойымша, мұғалім мен ата-ананы кіләмамай, мемлекет тарапынан арнайы бағарлама қабылдап, жүйелі жұмыс істегеніміз дұрыс болады, - дейді «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Аймағанбет.

Балалардың желіге жұлынымен байлануының себептері неде? Салдарымен күресті анықтамас бұрын себептерін біліп алғанымыз жөн болар. Психолог Сымбат Абдрахманованың айтуынша, балалардың ата-анасымен қарым-қатынасына көп нәрсе байланысты.

Ең біріншісі – баланың ата-анасымен арасындағы байланыс. Қоғамдық даму институтының 2023 жылы Қазақстанда арнайы өткізген зерттеуіне сүйенетін болсақ, еліміздегі әрбір үшінші отбасында ата-аналар өзінің баласына бір тәулікте 15 минут та уақыт бөле алмайды екен. Мысалы, үйде үш балаңыз болса, сіз 45 минут уақытыңызды телефонға телмірместен, ешнәрсеге алаңдамастан, балаңызға арнап, сапалы уақыт өткізесіз бе әлде жоқ па, ол әрбір ата-ананың жауапкершілігіне байланысты болып отыр. Психология тұрғысынан қарайтын болсақ, кез келген адамның негізгі қажеттіліктері бар. Яғни, Маслоу пирамидасы бойынша. Біз барлығымыз да қоғамның бір мүшесіміз. Біз ешқашан өзімізбен өзіміз жалғыз қалып, өмір сүрген емеспіз. Бұрын бір тайпаның мүшесі болдық. Ал қазір балалардың жалғыздық сезімі артып бара жатқанын байқаймыз, - дейді Сымбат Абдрахманова.

Маманның айтуынша, балалар телефонда немесе компьютерде ойын ойнағанда өзін қоғамның бір мүшесі сезініп, өз ортасын тапқандай күй кешеді.

Ойындар ойнау арқылы бала өзін қоғамның бір мүшесі ретінде сезіне бастайды. Бір топтың мүшесі ретінде және өзі секілді қатарластарымен сөйлесіп, дос табады. Шынайы өмірде балалар бір-бірімен қарым-қатынас орната алмағандықтан әлеуметтік желіде бір-бірімен сөйлесіп, виртуалды әлемде қажеттіліктерін қанағаттандырып жатқанын көріп жатырмыз. Мұның салдарынан болашақта балаларымыздың бойында коммунакативті дағдылар қалыптаспауы мүмкін. Сонымен қатар, көптеген отбасыларды қарайтын болсақ, балалардың тілі орыс тілінде шығып жатыр. Өйткені, көзін аша салысымен орыс тілді, ағылшын тілді контенттерді көріп жатыр. Отбасында барлығы қазақ тілінде сөйлегеніне қарамастан, балалары орыс тілінде сөйлейді. Бұл жағдайға көптеген отбасылар мақтанышпен қарайтын шығар. Бірақ қазіргі сәттен бастап балаларға қазақ тілінде сапалы контент пен өнімдерді көбейтпесек, қазақ тіліне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан бұл салаға да назар аударуымыз керек деп ойлаймын, - дейді Сымбат Абдрахманова.

Психолог тағы бір дерекке назар аудару керегін атап өтеді.

Балалардың тілі кеш шығып жатыр және тілінің мүкістігі бар балалардың саны артқанын көріп отырмыз. Білім беру ұйымдарында көптеген жауапкершілікті психологтың мойнына іліп қояды. Алайда, нормотивке сәйкес, білім беру ұйымдарында тек 2 психолог қана жұмыс істей алады. Сонда 500 бала оқитын мектепте де, 3 мың бала оқитын мектепте де екі ақ психолог жұмыс істейді. Сондықтан жағымсыз оқиғадан алдын алу шараларының нәтижесі болмағандықтан көптеген проблемалар туындаап жатыр, - дейді Сымбат Абдрахманова.

Баласының психологқа баруына наразы ата-аналар да жоқ емес. Психологтан бас тарту баланың болашағына әсер етуі мүмкін екенін де атап өтті.

18 жасқа дейін баланың өмірі мен қауіпсіздігіне ата-анасы тікелей жауапты. Психологқа беретін қолхаты баламен жүргізілетін жеке жұмысқа қана қатысты, ал жалпы алдын алу шараларына кез келген бала қатысады. Оған ешқандай қолхаттың қажеттілігі жоқ. Егер ата-ана тарапынан психолгпен жеке консультация жүргізуге қарсылық болатын болса, алдағы уақытта баланың психикалық күйіне кері әсер ететіні анық. Рөлдік модельді  де ұмытпағанымыз жөн. Бұрын біз кімді үлгі тұттық? Соғыс ардагерлерін, қазақтың батырларын құрметтеп, соларды дәріптеп, үлгі ететін едік. Қазіргі балалар кімге қызығады? Олар блогерлерге, атақты адамдарға қызығып, солардай болуды мақсат етеді. Жасөспірімдер әлеуметтік желіні танымал болудың бір жолы, табысты болуға көмектесетін алаң ретінде көріп жатыр, - дейді , - дейді Сымбат Абдрахманова.

Психологтың айтуынша, бала тәрбиесінде ата-ана мен бала және мемлекет үштігі бірігіп жұмыс атқаруы тиіс.

Әлеуметтанушы маман Таңшолпан Жауынбай баланың интернетке тәуелділігіне қатысты жұмыс жүргізу барысында ұлдар мен қыздарды топтарға бөлу керегін айтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы интернетке тәуелділікті психологиялық ауру ретінде қарастырады екен. Мысалы, бұған дейін қоғамда нашақорлыққа тәуелділік немесе алкогольге тәуелділік болатын болса, қазіргі уақытта интернетке тәуелділікті психологиялық ауытқудың бір түрі ретінде қарастырып отыр. Интернетке, әлеуметтік желіге тәуелділік бірнеше стадиядан тұрады. Алғашында адам өзінің коммуникативтік қажеттілігін өтесе, жасөспірімдер мен жастар белгілі бір байланыс құралы ретінде қарастыратын болса, тиісінше, олар өздерін әрі қарай дәлелдеуге тырысады. Бұл жерде бір айта кететін мәселе бар, көп жағдайда дамыған мемлекеттерде интернетке тәуелділікті ұлдар мен қыздар арасындағы профилактикалық жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады екен. Себебі, көп жағдайда мессенджерлердегі қандай да бір қарым-қатынасқа қыз балалар тәуелді болатын болса, ұл балалар өзін дәлелдеуге тырысып, мықтылығын көрсетуге барын салады екен. Жігіттер қауымы өз ішінде жатқан потенциялы мен ашылмаған қырын қандай да бір видео ойындар арқылы өзіне көңілі толмайтын тұстарын сол арқылы қанағаттандыруға тырысады екен. Сондықтан да аталмыш зерттеулермен айналысатын орталықтар профилактикалық жұмыс кезінде баса назар аударуы тиіс мәселесінің бірі жас ерекшелігіне қарамастан ұлдар мен қыздарды бөліп, екі түрлі бағытты ұстануды ескертеді, - дейді әлеуметтанушы Таңшолпан Жауынбай.

Әлеуметтанушы дамыған елдерде үкіметтік емес ұйымдар баланың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты түрлі бағдарламалар жүзеге асыратынын атап өтті.

Талантсыз бала болмайды, тек талантын аша алмайтын қоғам болуы мүмкін. Бізде балалармен айналысатын тағы бір мемлекеттік емес секторлар бар. Халықаралық тәжірибені зерттеген кезде көп жағдайда дамыған мемлекеттер мен цифрлық сауаты өте жоғары мемлекеттерді алып қараған кезде мемлекеттік емес сектордағы ұйымдардың балаларды дамытуда үлкен рөл атқаратынын көруге болады. Олар балалардың бос уақытын ұйымдастырып қана қоймай, олардың қандай да бір тәуелділікке қарсы тұруына иммунитет қалыптастыратын негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады. Мәселен, Канадада сондай ұйымдардың басым көпшілігіне ата-аналар барған сәтте түрлі сауалнамаларға қатысып, бір-бірімен байланыс орнатып, баланың негізгі қызығушылығын ашады. Сол қызығушылығын ашу арқылы өзіне ұқсас ортаны қалыптастыра алады. Мысалы, біз айтып жатқан видео ойындардың көпшілігіне топпен кіріп кетеді. Бұл көп жағдайда өзін дәлелдеуге және өзі секілді ортаны таба алмағаннан кейін іште жатқан дүниені шығару үшін сондай әрекеттерге барып жатады. Ал дер кезінде оның қызығушылығын анықтау арқылы балаға өзі секілді ортаға қосылуға жағдай жасасаңыз, ол сол қызығушылықпен әрі қарай жақсы ортада өзін шыңдай түседі. Мысалы, бізде мектеп кезде интернетке тәуелділік болған жоқ, бірақ студент кезде дебат ұйымдары болатын. Біз сол дебат алаңдарында қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылайтынбыз. Ал үкіметтік емес ұйымдарға буллинг, әлеуметтік тәуелділікке байланысты бір-ақ грант берілген, - дейді Таңшолпан Жауынбай.

Оған қоса елімізде болып жатқан әртүрлі проблемалардың шешімін табу үшін зерттеу институттары жүргізген зерттеулерді қолданып, нақты шаралар қабылдау керегіне тоқталды.

Әр министрліктің жанынан қоғамдағы мәселелерді зерттейтін арнайы институттар құрылған. Мәселен, Қоғамдық даму институтының былтыр жасаған Қазақстандағы отбасылар туралы баяндамасында мынадай деректер бар. Отбасылардың 70 пайызын негізгі проблема ретінде балалардың интернетке тәуелділігін атаған. Балаларымен қарым-қатынасында осы олқылықтың бар екенін атап көрсеткен. Бұл мәселе қоғамдық деңгейде ел көлемінде зерттелінуі тиіс болғандықтан министрліктер кешенді іс-шараларды уақытында қабылдауы тиіс. Өкінішке орай, бізде әлеуметтік зерттеулердің басы ашылып, қандай да бір статистика жарыққа шыққанына қарамастан, екінші жағынан парадокс болып жатады. Мысалы, Оқу-ағарту министрлігі 2020 жылы бүкіл мектептерге министрлік тарапынан оқу мекемелеріне балалармен жұмыс істеу нұсқаулықтары жіберілген болатын. Бірақ екінші жағынан қарасаң, ата-аналар тарапынан бір-біріне қайшы келетін мәселелер айтылып жатады. Осы кезде мемлекеттік ұйымдар қаншалықты бір-бірінің жұмысына назар аударады және мемлекеттік органдар ата-аналармен бірлесіп, қаншалықты күш біріктіруге тырысады, - дейді Таңшолпан Жауынбай.

Quantum Tech School директоры Динара Сағадатова цифрлық сауатты арттыру мәселесін қозғағанда бірінші кезекте мұғалімдерге назар аудару керегін айттады.

Цифрлық сауаттылық тақырыбын қозғағанда ең алдымен мұғалімдер туралы ойлануымыз керек. Олардың цифрлық дағдылары қандай деңгейде? Өйткені, бізде балалардың смартфонмен ешқандай проблемасы жоқ, олар емін-еркін кедергісіз нені қалай істеу керегін біледі. Сондықтан да мұғалімдерге семинарлар мен тренингтер өткізіп тұру керек. Өзіміз ауыл-аймақтағы мектептерді аралау кезінде көптеген мұғалімге пандемия оң әсер еткенін байқадық. Көпшілігі гаджеттермен жұмыс істеу дағдыларын жақсартқан. Бірақ мұғалімдер ғаламтордан тапқан ақпаратын балалармен бөлісетіндіктен медиа сауаттылық, фейктермен жұмыс істеу мәселелері алға шығады. Сол себепті цифрлық сауатқа қатысты пән енгізбес бұрын, ұстаздардың цифрлық сауатын арттырып алу керек екенін түсіндік, - дейді Quantum Tech School директоры Динара Сағадатова.

Динара Сағадатова Эстонияға іс-сапар аясында аталмыш ел цифрлық сауат мәселесін 20 жылдай уақыт бұрын бастағанын және соның нәтижесін қазір көріп жатқанын атап өтті.

Бірнеше күн бұрын Эстонияда болып, білім беру бағдарламаларымен таныстық. Оларда 1996 жылдан бастап барыс секілді секіру деген бағдарламаны енгізген. Олар бірінші мұғалімдерді дамыту керегін түсінгенін айтады. Ал 2002 жылдан бастап біздегі «Күнделік» секілді жүйені енгізген. Мен 2002 жылдары мектепте оқығанда ғаламтор болмады. Ал олар 24 жыл уақыт бұрын дамытуды бастаған. Біз 3-4 жылдың ішінде оң нәтиже шыққанын күте алмаймыз. Бір жағынан соңғы жылдары бізде жасанды интеллект қосылды. Мұның өзі ұстаздарды күйзеліске ұшыратады. Өйткені, зумға үйренсең, енді басқа нәрсеге үйренуің керек. Мұғалімдерге тез арада жаңа технологияға бейімделе түсу керек. Олар жыл сайын Тамыз конференциясында жаңа білім беру бағдарламасымен танысады, сол арада технология да қарыштап дамып жатыр. Жас мұғалім ретінде өзім де осындай өзгерістердің қажытатынын айтқым келеді. Өйткені, мынаны да, ананы да білуің керек. Орталықта интерактивті тақта, компьютермен жабдықталған кабинет болғанымен аймақтарға барғанда интернеттің өзі проблема боп шыға келеді. Кейбір мектептерде компьютерлер тек қонақтарға көрсетіледі, балаларға қолданысқа берілмейді. Онлайн тренинг те өз нәтижесін бермейді, - дейді Quantum Tech School директоры Динара Сағадатова.

Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпті онлайн ойындар мен челлендждер таралып, олардың психикалық және физикалық денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Кейбір ойындар балаларды қауіпті әрекеттерге итермелейді немесе олардың психикасына кері әсерін тигізеді. Төменде қазіргі уақытта балаларға қауіп төндіретін бірнеше танымал ойындар мен челлендждер тізімі берілген:

  1. Blue Whale (Көк кит). Бұл ойын біраз уақыт бұрын кеңінен таралған және ерекше қауіпті болып табылады. Ойын балалар мен жасөспірімдерге әртүрлі қауіпті тапсырмаларды орындауды талап етеді, олардың ішінде өзіне-өзі зиян келтіру немесе суицидке итермелеу бар. Бақытымызға орай, бұл ойынның танымалдығы азайғанымен, кейбір аймақтарда әлі де қауіпті болуы мүмкін.
  1. Momo Challenge. Бұл челлендж әлеуметтік желілерде таралған. Қатысушыларға WhatsApp немесе басқа платформалар арқылы "Момо" деп аталатын кейіпкерден қорқынышты хабарламалар келіп түседі, ол балаларды зиянды әрекеттер жасауға мәжбүрлейді. Момо қорқыту арқылы балаларды қауіпті жағдайларға итермелейді.
  1. Fire Fairy (От періштесі). Бұл қауіпті ойын жас балаларға ерекше қауіпті. Ойын балаларды үйде барлық газды қосып, от тұтандырып, "от періштесіне" айналуға шақырады. Мұндай әрекеттер балалардың өміріне үлкен қауіп төндіреді.
  1. TikTok челлендждері. TikTok сияқты әлеуметтік желілерде түрлі челлендждер кеңінен таралуда. Олардың кейбіреулері көңілді әрі қызықты болса да, басқалары қауіпті болуы мүмкін. Мысалы, "Skull Breaker" челленджі кезінде балалар бір-бірінің аяғын тартып, жерге құлатуға тырысады, бұл ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін. Сондай-ақ "Benadryl Challenge" сияқты дәрі-дәрмектерді көп мөлшерде қабылдауға итермелейтін челлендждер де таралған.
  1. Pass-out Challenge (Тынысты тоқтату челленджі). Бұл ойын балаларды тыныстарын тоқтатып, есінен тануға дейін жеткізуге мәжбүрлейді. Мұндай әрекеттер балалардың миына оттегінің жетіспеуіне әкеліп, ауыр салдарға, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін.
  1. Choking Game (Тұншықтыру ойыны). Бұл ойын балалар мен жасөспірімдерді белгілі бір уақыт ішінде өздерін тұншықтыруға итермелейді. Мұндай әрекеттер гипоксияға (оттегі жетіспеушілігі) әкеліп, ми мен дене үшін қауіпті жағдай тудырады.
  1. Кибербуллинг ойындары. Әлеуметтік желілер мен ойын платформаларында балалар кибербуллингке, яғни онлайн қорлауға ұшырауы мүмкін. Кейбір ойындарда балаларды қорлау, мазақ ету, жеке деректерін тарату сияқты қауіпті әрекеттер кездеседі. Мұндай жағдайлар балалардың психологиялық күйіне кері әсер етеді.
  1. Танымал онлайн ойындардағы қауіптер. Кейбір танымал онлайн ойындар да белгілі бір қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, "Roblox", "Fortnite", және "PUBG" сияқты ойындарда бөтен адамдар балаларға хабарлама жіберіп, оларды әртүрлі қауіпті әрекеттер жасауға итермелеуі мүмкін. Бұл ойындарда кейде балалардың жеке ақпараттарын жинау немесе психологиялық манипуляциялар жасау жағдайлары кездеседі.

Балаларды қорғау жолдары

Ата-аналар балаларының интернетте не істеп жүргенін бақылап, қауіпті ойындар мен челлендждерден қорғау үшін бірнеше қадам жасай алады:

Интернет белсенділігін бақылау: Баланың интернетте не қарап жүргенін қадағалап, қауіпті мазмұнды анықтау үшін бақылау бағдарламаларын қолдану.

Қауіпсіздік туралы сөйлесу: Баламен интернеттегі қауіптер туралы ашық сөйлесіп, оларды қауіпті ойындар мен челлендждерден сақтандыру.

Әлеуметтік желі мен ойындарда шектеулер қою: Баланың әлеуметтік желілер мен ойындарға кіруін уақытпен шектеп, жас шектеулеріне назар аудару.

Психологиялық қолдау көрсету: Баланың психологиялық күйін бақылап, егер ол өзін оқшаулап немесе ерекше өзгерістер байқалса, оған қолдау көрсету және маманға жүгіну.

Қорытындылай келе, балаларды интернет пен ойындардың қауіптерінен қорғау үшін ата-аналардың қатысуы мен қолдауы өте маңызды. Балалармен ашық қарым-қатынас орнатып, олардың психикалық және эмоционалдық денсаулығына көңіл бөлу – қауіп-қатерден қорғаудың ең тиімді жолы.

Баланың телефонына бақылау орнату ата-анаға баласының интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және онлайн белсенділігін бақылау үшін маңызды. Бұл процесті орындаудың бірнеше әдісі бар:

1. Ата-ана бақылауы үшін арнайы қосымшалар

Қазіргі таңда балаға телефонды бақылауға арналған көптеген арнайы қосымшалар бар. Бұл қосымшалар ата-аналарға баланың қай сайттарға кіретінін, қанша уақыт интернетте өткізетінін, қандай қосымшаларды қолданатынын көруге мүмкіндік береді. Ең танымал қосымшалар мыналар:

Google Family Link – Android және iOS жүйелеріне арналған ата-ана бақылауы үшін ыңғайлы бағдарлама. Ол баланың қолданатын қосымшаларын шектеп, интернетте өткізетін уақытын бақылайды.
Apple Screen Time – iOS құрылғыларына арналған кірістірілген функция. Ол экран уақытын бақылап, қажет болған жағдайда белгілі бір қосымшаларды пайдалануды шектей алады.
Qustodio – танымал ата-ана бақылау қосымшасы, баланың қолданатын қосымшаларын, онлайн белсенділігін қадағалауға көмектеседі.

2. Мазмұнға кіруді шектеу
Телефондағы мазмұнға кіруді шектеу үшін телефонның кірістірілген функцияларын қолдануға болады. Мысалы:

iPhone телефондары үшін:
Параметрлерден «Screen Time» функциясына кіріп, «Контент және құпиялылық шектеулері» арқылы балаға қажет емес мазмұнға кіруге тыйым салуға болады.
Android құрылғыларында:
Параметрлерден «Digital Wellbeing & Parental Controls» арқылы балаңыздың құрылғыны пайдаланатын уақытын бақылауға және шектеуге болады.

3. Қосымшалар мен интернетті шектеу
Телефонда балаңыз қолданатын қосымшалар мен интернетті шектеудің де бірнеше жолдары бар:

Wi-Fi немесе мобильді интернетті шектеу: Балаңыз интернетті қажетсіз қолданбас үшін интернетті белгілі бір уақытқа дейін өшіруге немесе тек белгілі сайттарға кіруге рұқсат беруге болады.
App Store және Google Play дүкендерінен қосымшаларды жүктеуге шектеу қою: Белгілі бір жасқа арналған қосымшаларды жүктеу мүмкіндігін шектей аласыз.

4. Әлеуметтік желілердегі бақылау
Әлеуметтік желілерде баланың белсенділігін бақылау маңызды. Ол үшін: Әлеуметтік желіде жеке шоттарды ашпастан бұрын балаға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, оларды бақылап отыру қажет.
Баламен бірге оның әлеуметтік желіде кімдермен байланысатынын, қандай ақпаратпен бөлісетінін талқылаңыз.

5. Білім беру мен сенімді қарым-қатынас
Бақылау орнату тек техникалық құралдармен ғана шектелмейді. Ата-ананың басты міндеті – балаға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйрету және шынайы қарым-қатынас орнату. Егер бала ата-анасымен еркін сөйлесіп, өз мәселелерін жеткізе алса, ол қауіпті жағдайларға түсіп қалу ықтималдығы азаяды.

Қорытындыласақ, балаға телефонды қауіпсіз пайдалануды үйрету және қажетті бақылауды орнату – заманауи ата-аналар үшін маңызды міндет. Техникалық құралдармен бірге сенімді қарым-қатынас орнату баланың интернетті дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді. 

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер психологиясы – бүгінгі күннің маңызды әрі өзекті тақырыптарының бірі. Әрбір елдің болашағы сол елдің жастарының психикалық және эмоционалдық денсаулығына байланысты. Жас ұрпақтың психологиялық саулығы олардың өмір сүру салтына, білім алуына, қарым-қатынасына және қоғамдағы рөлін айқындауға тікелей ықпал етеді. Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер психологиясының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар көп. Осы мақалада елдегі балалар мен жасөспірімдердің психологиялық жағдайы, оған әсер ететін факторлар және болашақтағы мүмкіндіктер қарастырылады.

  1. Балалар психологиясының ерекшеліктері. Балалар психологиясы жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше сатыдан өтеді. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың негізгі дамуы ойын арқылы жүзеге асады, сондықтан да бұл кезеңде балалардың әлеуметтік және эмоционалдық қабілеттері қалыптасады. Осы кезеңде ата-ана мен тәрбиешілердің рөлі зор. Балалар өз эмоцияларын дұрыс түсініп, оларды басқара алуды, қоршаған ортаға бейімделуді үйренеді. Балалардың өзіне сенімді болуы және айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуы осы кезеңде қаланады.

Мектеп жасында балалардың когнитивті қабілеттері дамып, логикалық ойлау мен мәселені шешу қабілеттері жетіледі. Мектептегі психологиялық климат, ұстаздардың қолдауы және сыныптағы қарым-қатынастар балалардың дамуына тікелей әсер етеді. Қазақстандағы мектептердің оқу жүктемесі, емтиханға дайындық үрдістері кейде балалардың психологиялық қысымға ұшырауына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ұстаздар мен ата-аналардың қолдауы өте маңызды.

  1. Жасөспірімдердің психологиясы: күрделі кезең. Жасөспірімдер кезеңі балалардың ең күрделі және өзгермелі кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде балалардың эмоционалдық тұрақтылығы сынаққа түседі. Жасөспірімдер өздерінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындап, өмірдегі орнын іздейді. Өзін-өзі тану, қарым-қатынас орнату және қоғамдағы рөлін түсіну жасөспірімдер үшін ерекше маңызға ие. Қазақстандағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі бағалау мәселелері жиі кездеседі. Қоғамдағы әлеуметтік желілердің ықпалы, сұлулық стандарттарына сай болу қажеттілігі және қатарластарының қысымы жасөспірімдердің психологиялық саулығына теріс әсер етуі мүмкін. Бұған қоса, емтиханға дайындық, жоғары оқу орындарына түсу мәселелері де олардың күйзеліске түсуіне себеп болады.
  1. Психологиялық мәселелердің негізгі себептері

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында психологиялық мәселелердің туындауына әсер ететін бірнеше негізгі фактор бар:

  1. Отбасындағы қарым-қатынастар: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың сапасы баланың психикалық денсаулығына тікелей әсер етеді. Баланың ата-анасымен еркін сөйлесе алмауы, эмоционалдық қолдаудың жоқтығы немесе отбасыдағы ішкі жанжалдар психологиялық қиындықтардың негізгі себебі болуы мүмкін.
  2. Білім беру жүйесіндегі қысым: Қазақстандағы оқу бағдарламасы жоғары талаптарға сай келеді, бұл балалардың шамадан тыс күйзеліске түсуіне себеп болуы мүмкін. Әсіресе, ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жасөспірімдерге үлкен психологиялық қысым түсіреді. Мұндай жағдайда ата-ана мен мұғалімдер тарапынан қолдау қажет.
  3. Әлеуметтік желілердің әсері: Заманауи балалар мен жасөспірімдер әлеуметтік желілердің ықпалына жиі түседі. Әлеуметтік желілерде идеалды бейнелер мен өмір салтының көрсетілуі жасөспірімдердің өздерін төмен бағалауына, әлеуметтік қысымға ұшырауына себеп болуы мүмкін. Бұл олардың психологиялық күйзелісіне әкеледі.
  4. Буллинг (мазақ ету) мәселесі: Мектептерде буллингтің кең таралуы балалардың психологиялық жарақат алуына себеп болады. Қазақстанда мектептегі мазақ ету мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Мұндай жағдайлар баланың өзіне сенімділігін төмендетіп, қоғамнан алыстауына әкелуі мүмкін.
  5. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын жақсартудың жолдары
  6. Психологиялық қолдау жүйесін дамыту: Қазақстанда мектептер мен білім беру мекемелерінде кәсіби психологтардың саны жеткілікті болуы керек. Психологтар балалар мен жасөспірімдерге қажет психологиялық қолдау көрсетіп, олардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға көмектесе алады.
  7. Отбасылық қарым-қатынасты жақсарту: Ата-аналарға балаларымен қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету маңызды. Бұл үшін арнайы тренингтер, семинарлар өткізіп, ата-аналарға балалардың психологиясын түсінуге көмектесу керек.
  8. Оқу жүктемесін азайту және шығармашылық қабілеттерді дамыту: Балаларға білім берудің балама тәсілдерін қолдану қажет. Мектептегі оқу бағдарламаларын жеңілдетіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған сабақтар енгізу олардың эмоционалдық дамуына оң әсер етеді.
  9. Буллингке қарсы күрес: Мектептерде буллингтің алдын алу бағдарламаларын іске қосу керек. Бұл бағдарламалар балаларды бір-біріне құрметпен қарауға, мейірімділік пен түсіністікке тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
  10. Әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану: Әлеуметтік желілердің балалар мен жасөспірімдерге кері әсерін азайту үшін оларға желілерді дұрыс пайдалануды үйрету қажет. Мектептерде медиа сауаттылық бойынша арнайы курстар өткізу маңызды.
  11. Қорытынды

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің психологиясы күрделі әрі көп қырлы мәселе. Олардың психологиялық және эмоционалдық саулығы қоғамның назарында болуы керек. Бұл үшін мемлекет, отбасы және білім беру мекемелері бірлесе жұмыс істеуі қажет. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық мәселелерін шешудің басты жолы – қолдау көрсету, ашық қарым-қатынас орнату және психологиялық саулыққа ерекше көңіл бөлу. Жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін олардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету – еліміздің дамуындағы маңызды қадамдардың бірі.

Балаларды суицидтен сақтаудың жолдары

Суицид – қазіргі қоғамдағы ең үлкен әрі күрделі мәселелердің бірі. Өкінішке орай, бұл мәселе балалар мен жасөспірімдер арасында да кең таралып келеді. Балаларды суицидтен сақтау – әрбір ата-ана, ұстаз және қоғам мүшелерінің ортақ міндеті. Мақалада балаларды суицидтен қалай қорғауға болатыны туралы негізгі кеңестер мен шаралар қарастырылады.

  1. Эмоционалдық қолдау көрсету. Балалар мен жасөспірімдер өмірде түрлі қиындықтарға тап болады. Кейде олар өз сезімдерін жеткізе алмай, жалғыздық сезіміне беріліп, шешілмейтін проблемаларға тап болғандай көрінуі мүмкін. Ата-ана немесе жақындар олардың эмоцияларын түсініп, қолдау көрсетсе, балалар психологиялық тұрғыдан әлдеқайда сенімді сезінеді. Баланың ішкі әлеміне мән беру, оны тыңдап, түсінуге тырысу маңызды.
  1. Ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату. Балалармен және жасөспірімдермен ашық әрі шынайы сөйлесу өте маңызды. Егер бала ата-анасымен немесе мұғалімдерімен еркін сөйлесіп, өз проблемаларын жеткізе алса, олар қиындықтарды жалғыз шеше алмайтын жағдайға түспейді. Ата-аналар мен ұстаздар баланың кез келген сұрағына түсіністікпен қарап, қолдау көрсететіндерін сезіндіруі қажет.
  1. Суицидтің алдын алу туралы ақпарат беру. Суицидтің қауіптілігін түсіндіру, оның ешқандай мәселені шешпейтінін айтып, баланың өз өмірін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру қажет. Балаларға қиындықтардан қалай шығуға болатыны, эмоцияларын дұрыс басқарудың жолдары туралы ақпарат беру суицидтің алдын алу үшін маңызды қадам.
  1. Психологпен жұмыс жасау. Кейде балалар психологиялық ауыртпалықтарды ата-анасымен немесе достарымен бөлісе алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда кәсіби психологтың көмегі өте маңызды. Мектептерде, білім беру мекемелерінде және қоғамда психолог мамандарының қызметін кеңінен пайдалану керек. Психологтар балалардың психологиялық қиындықтарын анықтап, оларға қажетті көмек көрсетуге қабілетті.
  1. Мектеп пен қоғамның қолдауы. Мектеп пен қоғам баланың психикалық денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. Мектептерде эмоциялық интеллектті дамыту, күйзелісті басқару және қарым-қатынас мәдениетін үйрететін бағдарламаларды енгізу балалардың суицидтік ойларға берілмеуіне көмектеседі. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен медианың балаларға тигізетін ықпалын бақылауда ұстау қажет.
  1. Буллингпен күресу. Буллинг, яғни мазақ ету, зорлық-зомбылық көрсету – балалардың психологиялық жарақат алуының негізгі себептерінің бірі. Буллингтің алдын алу үшін мектептерде қатаң ережелер орнату және балалардың өзара қарым-қатынасына қадағалау жүргізу қажет. Әрбір балаға құрметпен қарауды үйрету және бір-бірін қолдау мәдениетін қалыптастыру буллингтің алдын алудың негізгі жолдары болып табылады.
  1. Өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру. Баланың өмірлік мақсаттарын айқындап, өзін-өзі дамытуына жағдай жасау оның болашаққа сенімді қарауына септігін тигізеді. Түрлі шығармашылық үйірмелерге қатысу, спортпен айналысу, жеке қабілеттерін дамыту баланың өзін-өзі табуына және өмірге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Қорытынды: Балаларды суицидтен қорғау – кешенді әрі жүйелі жұмыс. Ата-аналар, ұстаздар, психологтар және қоғамның әрбір мүшесі осы мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, балаларға қажетті қолдау көрсетсе, олар өмірдің қиындықтарымен күресе алатын деңгейге жетеді. Ең бастысы – балаларға үміт беріп, оларды сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөлеу.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: