05.06.2024
20:18
1275
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар». ТЖМ үндеу жасады

«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар». ТЖМ үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызға сақ болыңыздар, - делінген ТЖМ үндеуінде.

  • Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері:
  • шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
  • мас күйінде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

    Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!, - делінген ақпаратта.