Балалардың өнер бәйгесі өтті

12 Қараша 2019, 16:17 3119

Нұр-Сұлтан қаласында елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Алтын күн» балалардың ІІ патриоттық әндер фестивалі өтті.


Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова фестивальдің ашылуында балаларға сәттілік тіледі. 


Балалардың өнер бәйгесіне қалалық мәслихат депутаты С.Солодовников, концертмейстер И.Воловикова және академиялық филармонияның солисті К.Тұрлыбекова қазылық етті. Фестивальға іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен, жалпы саны 25 өнерлі бала қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлініп, Отан, елорда, туған жер туралы әндер шырқады.

Нәтижесінде, қазылар мен тыңдарманның көңілінен шыққан «Қазақстаным, алға!» әнін орындаған М.Мұқажанова, «Астана» әнімен Эльарис Мусин, «Родина моя – Казахстан» әнін орындаған «Златница» ансамблі жас ерекшеліктеріне қарай жүлдері 1 орынға ие болды.


Сәйкесінше, 2 орынды Никита Достов, Магамед Далаков және Мария Горелова жеңіп алды. Ал 3 орынға «Ласточка» вокалды ансамблі, Сон Виктория, Амира Пулатова лайықты деп танылды.


Фестиваль жеңімпаздары мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: