05.10.2022
15:05
2036
Балалар жылына орай «Үздік балалар спектаклі» сыйлығы тағайындалды

Балалар жылына орай «Үздік балалар спектаклі» сыйлығы тағайындалды

Umai ұлттық сыйлығының аясында Балалар жылына орай «Үздік балалар спектаклі» сыйлығы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Umai-2022» сыйлығының шарттарын таныстырған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов арнайы өнер номинациясы тағайындалғанын айтты. 

«Хореографиялық өнер» бойынша «Үздік би ұжымы», «Балеттегі үздік орындаушы», «Үздік хореограф», «Үздік балет спектаклі» аталымдарына арнайы жүлде тағайындап отырмыз. Келесі бір номинациямыз – «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы. Бұл жерде «Үздік сәндік-қолданбалы өнер туындысы» үшін және «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша екі сыйлық көркем сурет, графика, сондай-ақ заманауи өнердегі жұмыстарға беріледі. 

Жалпы «Umai-2022» сыйлығы аясында Балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» номинациясын қойып отырмыз. Бұл жерде жүлде қорымыз әр номинация бойынша 2 млн теңгеден басталып, 6 млн теңгеге дейін белгіленген», - деді вице-министр.