Ұлттық құрылтайдың жұмыс кездесуінде баяндама жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Балалар кітапханасы» жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, жоба аясында жас оқырмандарға ұсынылатын 1770 кітаптың тізімі бекітілген. Оның 22% - классикалық әдбиеттер, 39% - Тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттер, 15%- қазақ әдебиеті, 25% - шетел әдебиеті.
Бағдарлама шеңберінде мектеп кітапханасының қорын жыл сайын 2 млн данаға ұлғайту жоспарланған. Сонымен бірге министр осы жоба аясында балаларға арналған басылымдарға қолдау көрсетілетінін атап өтті.