13.05.2026
14:40
174
Жаңалықтар

Балалар еденде ұйықтаған – Қырықбаев лагерьлердің жұмысына қатысты мәселе көтерді

 Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдап,  балалар лагерінің жұмысы туралы мәселе көтерді. 

Оның айуынша, осы салада қордаланған мәселелер аз емес. Кейінгі жылдары бірқатар даулы жағдайлар болған. Мысалы,  Алматы қаласындағы «Арман дала» лагерінде аумақта сауна, мейрамхана, компьютерлік клуб жұмыс істеген. Балалар еденде ұйықтауға мәжбүр болып, ұлдар мен қыздар бір бөлмеде орналастырылған.

Маңғыстау облысындағы «Айналайын» лагері («Өзенмұнайгаз» қызметкерлерінің балалары үшін) – орын тапшылығы салдарынан балалар екі адамнан бір төсекте немесе еденде ұйықтаған. Қауіпсіздік нормалары өрескел бұзылған.

Түркістан облысындағы «Арман» лагерінен 400 бала ата-аналардың жаппай наразылығы мен жағдайдың қанағаттанарлықсыз болуына байланысты мерзімінен бұрын эвакуацияланған.

Шымкент қаласындағы «Үш бұлақ» лагерінде белгіленген сыйымдылық нормасы асыра орындалған.

Қырықбаевтың айтуынша, биыл 1 сәуірден бастап балалар лагерін лиценциялау басталды.  «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасы аясында бұл бағыт негізгі бағыттар ретінде белгіленген. Қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ету мақсатында депутаттар балалар лагерлерін лицензиялау бойынша түзетулерді қолдаған.  

Оған қоса депутат ата-аналар балалардың мектеп жанындағы лагерден басқа балаларды жіберетін жер жоғын айтатынын атап өтті. Жолдаманың бағасы ұдай қымбат екенін,   сапасына ешкіи кепілдік бермейтінін қосқан.

Жоғарыда айтылғанға байланысты қандай білім беру-сауықтыру ұйымдары лицензиялаудан өтті және қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы ақпарат беруді сұраймыз. Мектеп жанындағы лагерьлерді қоспағанда, өңірлерді балалар демалысы ұйымдарымен қамтамасыз ету бойынша талдау жүргізіп, өзекті ақпарат берілсін, – деп сауалын жолдады депутат.

Депутаттың мәлімдеуінше, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі шараларды қабылдау қажет:

  • Біріншіден, бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің, жұртшылықтың және ата-аналар қауымдастығының қатысуымен лицензиялау жүйесіне жатпайтын балалар лагерлеріне тұрақты тәуелсіз мониторинг енгізу. 
  • Екіншіден, балалардың лагерде демалуы кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін бақылаушы органдар басшылары мен лагерь иелерінің дербес жауапкершілігін белгілеу.
  • Үшіншіден, балалардың бос уақытын ұйымдастыруға бөлінетін бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету.