Балалар би клубына шабуыл: екі бала көз жұмып, тоғызы ауыр жараланды

30 Шілде, 13:19 487

Англияның солтүстігіндегі Ливерпульге жақын Саутпорт қаласында балалар би клубына шабуыл жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі бала пышақ жарақатынан қайтыс болса, тағы тоғызы ауыр жараланды. ВВС ақпаратынша, балаларды қорғамақ болған екі ересек адам да жарақат алған. Шабуыл жасады деген күдікпен жақын маңдағы Бэнкс қаласының 17 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Оның балалар клубына неге шабуыл жасағаны белгісіз.

Оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатырмыз. Тұрғындарды болжам жасамауға шақырамыз. Оқиғаның лаңкестікке қатысы жоғын да растай аламыз, – дейді жергілікті полиция.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаған жасөспірім Саутпорт орталығына таксимен келіп, жүргізушіге жол ақысын төлеуден бас тартқан. Бетперде таққан соң, бірден балалар клубына кіріп, пышақпен шабуылдаған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: