Балалар арасындағы суицидті насихаттау: бас прокурор мәлімдеме жасады

7 Қазан, 19:15 460

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін үш сотқа дейінгі үш тергеудің басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Х-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау ісі бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-бабы бойынша үш сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық істерді тергеуді прокурорларға тапсырдым. Балаларды суицид жасауға итермелеген бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен қатысушылары тексеріледі, - деп жазды Берік Асылов.  

Бас прокурор балаларды суицидке итермелеуге қатысты мәселені бұған дейін де көтерген. Ол тергеу қорытындысы бойынша 15 мың сайт пен сілтемелер жойылғанын алға тартқан.

Перизат Саденова
Бөлісу: