22.12.2025
14:34
921
Балалар әдебиетін міндеттеу дұрыс – жазушы

Балалар әдебиетін міндеттеу дұрыс – жазушы

Бүгінгі ұрпақты кітап оқуға баулу – өзекті мәселеге айналып отыр.

Жазушы, әдебиеттанушы ғалым Әлібек Байболлың айтуынша, қазір, өкінішке қарай, бесік жырын айтатын әжелеріміз өте аз

Аталарымыз да сондай. Әлібек Байбол. «Ер бол, азамат бол, алашқа қызмет ет!» - деп айтатын ақсақалдарымыз да азайып барады, - дейді жазушы, әдебиеттанушы ғалым Әлібек Байбол.

Журналист, әдебиеттанушы Әбдірахман Сейіткерімұлы:

Қалтай Мұхамеджанов тек жазушы ғана емес, ол – ғалым адам. Қазақ әдебиеті бойынша зерттеулер жүргізіп, ғылыми мақалалар жазды. Сондықтан да ол кісінің жазған шығармаларының бәрі ұлтты тәрбиелеуге, отанын, тілін, әдебиетті сүюге үлкен ықпал етті, - дей отырып, аға буын балалар жазушыларын бүгінгі жас ұрпақ міндетті түрде оқуы керек деген пікірін білдірді.

Бұл шығармалардың адам жанына сондай жақындығы – әр шығармада бір рухты бала барлығы. Балалардың ішінде өзі жасап алған жақсы рухани биігі бар ғой. Бұл шығармалар осы жағынан жақсы әсер етеді, - дейді жоғары санатты педагог Айкүміс Сайлауханқызы.

 «Ұлт оқитын жүз кітап» бағдарламасының балалар әдебиетіне арналған топтамасын «Әдебиет порталының» You Tube арнасынан тамашалаңыздар!